Қазақстан Республикасы Қаржыгерлер күні қарсаңында ЭКСПО аумағында ҚР Ұлттық музейі қорының «Ғасырлар үні» атты жылжымалы көрмесі ашылды
Көрме мақсаты – Қазақстанның бейнелеу өнерін халықаралық алаңда таныту және көрме қызметі аумағын кеңейту. Қазақстандық бейнелеушілердің шығармашылығымен шетелдік делегациялар, шетелдік инвесторлар, АХҚО қатысушылары мен өзге де қонақтар таныса алады.
Көрме қазіргі заман суретшілерінің шығармашылығына арналған және дәстүрлі өнердің 1980-2020 жылдар аралығындағы өтпелі мазмұнына негізделген сурет, мүсін және графиканың пластикалық тәжірибесін қамтиды. Экспозицияда Қазақстанның өткені, бүгіні және болашағымен тоғысатын жұмыстар мен композициялық сюжеттер бар.
Көрме ұйымдастырушыларының айтуынша, қазақ өнері әр онжылдық сайын өзінше дамып отырған. Алайда салт-дәстүр, әдет-ғұрып пен ғасырлық мұралардың өзара әсеріне деген көзқарас сол қалпы сақталып келеді. Түрлі стиль мен бағыттар бойынша жұмыс істейтін, түрлі «сюжеттерді» пайдаланатын суретшілердің барлығының бастауы бір. Барлығы қазақ халқының салты мен дәстүріне деген махаббат пен құрметті бірдей ұстанып келеді.
Экспозицияда XX-XXI ғасырлардағы суретшілер Е. Төлепбаевтың «Даладағы қала» 1985 ж., Қ. Ахметжанның «Тораңғы» (Абай өлеңдері бойынша) 1995 ж., А. Смағұлованың «Шебер» 1999 ж., Б. Мырзахметовтың «Қорқыт» 1999 ж., А.Дінікеевтің «Бәйге» 2001 ж., Б. Бүрдесбековтың «Көктем» 2001 ж., Б. Зәуірбекованың «Ғасырлар үні» 2000 ж., А. Дүзелхановтың «Алтын адам» 2002 ж., М. Бекеевтың «Ай күні II» 2009 ж., А. Әбжанованың «Желтоқсандағы қар» (Бәйтерек) 2015 ж. туындылары ұсынылған.
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО-ны Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады.
АХҚО миссиясы – өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу. Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа бола алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді. aifc.kz
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі – Орталық Азиядағы ең ірі музей. Мұражай Қазақстан Республикасының 1-ші Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылды. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізілген археологиялық қазбалар нәтижесінде табылған баға жетпес жәдігерлер Ұлттық музейдің негізгі қорын құрайды. Мұражайда әлемге әйгілі Алтын адам, Берел, Талды, Тақсай-2 қорғандарынан табылған алтын олжалар, Ботай қонысының ерекше олжалары, ортағасырлық Түркістан, Отырар, Тараз, Қойлық, Бозоқ қалалары және т.б.