АХҚО «Дубай ЭКСПО-2020» дүниежүзілік көрмесінің алаңында Қазақстанның сауда-инвестициялық форумына қатысты
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) «Дубай ЭКСПО-2020» дүниежүзілік көрмесінің алаңында Республиканың Ұлттық күніне арналған Қазақстанның сауда-инвестициялық форумына қатысты. Іс-шара Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға арналды.
Форумның «Қазақстанға инвестиция: Инвестициялық мүмкіндіктерді талқылау» панельді сессиясына АХҚО, ҚР Сыртқы істер министрлігі, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ және өзге де ұйым өкілдері қатысты. Сессия барысында елдің және өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту мен шетелдік инвестицияны қолдауда қаржы орталықтарының рөлі талқыланды. Форум қатысушыларының айтуынша, компаниялар жаңа нарыққа шыға отырып түрлі қиындықтармен және кедергілермен кездеседі. Ал халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейтін қаржы орталықтары кедергілерден өтуге және инвестиция тартуға көмектеседі. Орталық Азияда АХҚО инвесторларға Қазақстанның ерекше инвестициялық мүмкіндіктерін көрсете отырып осындай қызмет атқарады.
«АХҚО Әкімшілігі» АҚ Басқарма Төрағасы Ернұр Рысмағамбетов өз сөзінде АХҚО БАӘ мен Таяу шығыс бағытында өз алаңы арқылы өңірлік бизнес үшін қаржы-экономикалық дәліз ұсынуға және керісінше халықаралық бастамалардың Орталық Азияға да келуіне мүдделі екенін айтты. Осы жоспарларды орындау үшін қаржы орталығы компаниялар үшін бизнес-хаттаманы оңайлатып, оларды барынша аз кедергімен өңірлік нарыққа шығуына жағдай жасауды жоспарлап отыр.
«Қазір бізге әлемнің 60-тан астам елінен 1000-нан астам компания сенім артып отыр. Бизнес бастамаларды тіркейтін және орналастыратын алаң ретінде АХҚО БАӘ мен Таяу шығыс бағытында қаржы-экономикалық дәлізді қамтамасыз етуге мүдделі. Біз қазірдің өзінде серіктестік орнаған кейбір сәтті кейстердің куәсі болып отырмыз. Алайда біз мұндай серіктестіктерді одан сайын көбейтіп, жалпы екі өңір арасында қаржы-экономикалық дәліз құруға ниеттіміз. Қос өңір арасындағы байланыстың даму әлеуеті мен өзара бизнес қызығушылықтар жоғары. Сондықтан осы бастамалардың сәтті іске асырылуына көмектескіміз келеді», деді Е.Рысмағамбетов.
Сонымен қатар «Қазақстан – Еуразиядағы инновацияға жайлы жер» панельді сессиясы өтті. Оған АХҚО органдарының, «Astana Hub» халықаралық IT стартаптар технопаркі мен «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қор жетекшілері спикер ретінде қатысты.
Сессия қатысушылары білім беру мен маман дайындау, жобаларды инкубациялау мен акселерациялау, сонымен қатар ҚР мен Орталық Азиядағы технологиялық қолдау мен даму шаралары тұрғысынан ҚР кәсіпкерлік экожүйе мәселелерін талқылады.
Сессия модераторы AIFC Tech Hub Бас диреткоры Павел Коктышев: «Қазақстанда және Орталық Азияда халықаралық жобалардың дамуына қолайлы жағдай жасауға, халықаралық компанияларға жайлы жер болуға және АХҚО алаңында бірлескен жобаларды қолға алуға еліміз дайын. Ағылшын құқығы, жеңілдетілген салық және виза режимі қолдау құралдары мен өзге де даму құралдарын ілгерілету, сонымен қатар ауқымды GR және бизнес-байланыстар біздің серіктестеріміздің нарыққа шыққан кезінен бастап өз пайдасын береді».
Форум қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты келісімдер мен экспорттық келісімшарттарға қол қойылды.
Анықтама:
“Астана” халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады.
АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бола алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді». https://aifc.kz/