Қазақстан Республикасы Президентінің Нью-Йорк қаласына жұмыс сапары аясында АХҚО «Әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге инвестициялау» іс-шарасын өткізді
БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясына қатысу үшін Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігі және «Атамекен» ҰКП іскер әйелдер кеңесімен бірлесіп «Әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге инвестициялау» атты дөңгелек үстел өткізді.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ләззат Рамазанова құттықтау бейне үндеуінде Қазақстанның Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингіндегі ілгерілеуін және әйелдердің кәсіпкерліктегі жоғары деңгейін атап өтті.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің Әйелдердің жаһандық мәселелері жөніндегі АҚШ Мемлекеттік хатшысы Кеңсесінің басшысының м.а. Катрина Фотоват АҚШ федералдық үкіметтің түрлі ресурстары мен білімін Қазақстандағы әйелдердің бизнесін қолдау үшін пайдаланатынын хабарлады. Үлгілердің бірі ретінде-әйелдер кәсіпкерлігі академиясының жобасы. Фотоват Қазақстандағы АҚШ Елшілігі «Астана» халықаралық қаржы орталығын осы жылы жобаның серіктесі ретінде таңдағанына ерекше қуанышты екенін атап өтті, осылайша Қазақстанның оңтүстік облыстарынан келген жүз әйел АҚШ үкіметтік бағдарламаларының (USG Alumni) түлегі болады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы ҚР Тұрақты өкілі Мағжан Ілиясов әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту үздіксіз инвестицияларды қажет ететінін атап өтті. Әйелдердің экономикалық ресурстарға қол жеткізуін және шешімдер қабылдауын кеңейту олардың бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету процестеріне, саяси, әлеуметтік, экономикалық, сот, ғылыми, технологиялық және мәдени процестерге қатысуын кеңейтеді. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Әйелдер, бейбітшілік, қауіпсіздік» 1325 қарары бойынша алғашқы ұлттық жоспарды қабылдауы жеке атап өтілді.
Дүниежүзілік экономикалық форумның жаңа экономика және қоғам орталығының басшысы Саадия Захиди пандемия гендерлік теңдік мәселелерінде қол жеткізілген прогреске теріс әсер еткенін атап өтті. Екі жыл бұрын гендерлік теңдікке қол жеткізу үшін 100 жыл қажет болар еді, ал қазір бұл көрсеткіш 132 жылға дейін ұлғайды. Бұл ретте Саадия Захиди ДЭФ Closing the Gender Gap акселераторын Қазақстанда іске қосқан сәттен бастап бір жыл ішінде ел рейтингісі бірден 15 позицияға көтерілгенін атап өтті. Спикер осы үлгіге теңесуге шақырды.
Іс-шара соңында АХҚО әкімшілігінің басқарма төрағасы Ернұр Рысмағамбетов өз қызметі аясында АХҚО әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі мемлекеттік және халықаралық бастамаларды қолдайтынын, әйелдер білімі мен кәсіпкерлікке инвестициялау қаржы орталығының тұрақты дамуының негізгі факторларының бірі бола алатынын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Еуразияда Closing the Gender Gap акселераторын іске қосқан алғашқы ел болды. Closing the Gender Gap-Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) акселератор-бағдарламасы. Бағдарлама мемлекеттік және жеке меншік әріптестік арқылы саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірдің негізгі салаларындағы гендерлік көрсеткіштерді жетілдіруге бағытталған. Бұл «Астана» халықаралық қаржы орталығының Women’ s Economic Empowerment, Education, and Entrepreneurship (W4E) орталығының бастамасы бойынша орын алды.
Анықтамалық ақпарат:
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi. www.aifc.kz