АХҚО Халықаралық төрелік орталығы Азияның жетекші төрелік институттарымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды

Гонконгте ХТО Қытай халықаралық экономикалық және сауда-саттық төрелік комиссиясының Гонконг төрелік орталығымен (CIETAC HK) және Гонконгтың Халықаралық төрелік орталығымен (HKIAC) ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

Қытайда Қытай халықаралық экономикалық және сауда-саттық төрелік комиссиясының штаб-пәтерімен (CIETAC China), «Бір белдеу – бір жол» бастамасының жобаларына арналған Халықаралық коммерциялық медиация орталығымен (BNRMC) және Бейжін халықаралық төрелік орталығымен (BIAC) меморандумдарға қол қойылды.

Сапар шеңберінде сонымен қатар Сингапур халықаралық медиация орталығымен бірлескен жобалар мүмкіндігі талқыланды. ХТО Төрағасы Барбара Доманн мен ХТО Тіркеушісі және аппаратының басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт Сингапур Ұлттық университетінде дәріс оқыды.

Меморандумдарға қол қою ХТО-ның ынтымақтастығын және Азияның аса ірі төрелік орталықтары арасында халықаралық мойындалуын кеңейтеді, сонымен қатар  оның Орталық Азиядағы жетекші халықаралық төрелік орталық ретіндегі беделін жақсартады.

Бірлескен зерттеу және білім беру бағдарламалары мен тренингтер жүргізу, төрелік процестерін ұйымдастыру, сонымен қатар бірлесіп ақпараттық науқандар өткізу ХТО мен оның азиялық әріптестері арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарына айналады.

Қол қою процесі Азиядағы және бүкіл әлемдегі төрелікті іс жүзінде атқарушылар арасында анағұрлым атақты және құрметке ие екі форум болып табылатын Гонконг төрелік апталығы мен Қытайдағы Төрелік апталығының шеңберінде өтті. Биылғы жылы әлемнің 40 юрисдикциясынан форумға келушілердің рекордтық саны тіркелді.

Барбара Доманн ханым былай деп  түсіндіріп өтті:

«Мен Халықаралық төрелік орталығын Азияның жетекші коммерциялық төрелік және медиация институттары халықаралық және өңірлік коммерциялық дауларды шешетін Орталық Азиядағы жаңа орталық ретінде мойындағандығын хабарлауға қуаныштымын. Біздің азиялық әріптестерімізбен меморандумдарға қол қою ұзақ ынтымақтастықты кепілдендіреді және Қазақстанда және өңірде біздің орталықтарымыздың дамуына және өсуіне ықпал етеді».

Кристофер Кэмпбелл-Холт бұған келесіні қосты:

«ХАО Төрағасы Азияда қол қойған меморандумдар біздер үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады. Біз Қазақстанда және Орталық Азия өңірінде әлемдік деңгейдегі коммерциялық дауларды шешу қызметтерін ұсынуға ұмтыламыз. Біздің Азиядағы және басқа елдердегі жетекші төрелік институттармен ынтымақтастығымыз осы мақсатқа қол жеткізуімізге ұзақ мерзімді негізде көмектесетініне сенімдіміз. Қазақстанға келген инвесторлар олардың құқықтары «заңның үстемдік құруы» принципіне қатаң сәйкестікте қорғалатындығына сенімді бола алады».

Анықтама ретінде:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады.

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. www.aifc.kz 

АХҚО соты (AIFC Court) тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Оның өзінің Англия қоғамдық құқығы жүйесінің процедуралары мен алдыңғы қатарлы халықаралық практикаға негізделген өздерінің процесуалдық нормалары мен қағидалары бар. АХҚО соты өзінің қызметінде ешкімге тәуелсіз және Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кірмейді. АХҚО соты бірінші шағымдану соты мен апелляциялық сотынан тұрады. Бірінші шағым соты шағым сомасы шамалы дауларға арналған сот ретінде белгілі арнайы бөлімшеден тұрады.

АХҚО соты АХҚО қызметі мен операциясынан туындайтын дауларды шешуді қамтамасыз етуге арналған айрықша юрисдикцияға ие, ол бойынша барлық тараптар АХҚО сотын пайдалану туралы жазбаша келісімге келді. Алайда АХҚО соты қылмыстық немесе әкімшілік сипаттағы кез келген дауға қатысты юрисдикцияға ие болмайды. АХҚО соты істерді қарастыруда барынша тиімді және алдыңғы қатарлы практиканы қолданады. 

Халықаралық төрелік орталық АХҚО (AIFC International Arbitration Centre) тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Оның өзінде жетекші халықаралық практика негізінде құрастырылған меншікті өзінің процедуралық ережелері бар. ХТО мұнай-газ, сауда, құрылыс, энергетикалық, ислам қаржысы саласы, банк саласы мен авторлық құқықты қорғау саласы сияқты коммерциялық құқық салаларында төрелік пен медицация да жылдар бойына бірлесіп жинағын тәжірибелі, біліктілігі жоғары төрешілер мен медиаторлардан құралған өз алқасына ие. Халықаралық Төрелік орталық шешімдері Қазақстанда да, сонымен бірге әлемде де танылып орындалады. 

AIFC AI assistant