Орталық және Шығыс Еуропа елдері Банктік қадағалау органдары тобының 33-ші жылдық конференциясы Нұр-Сұлтанда басталды

Нұр-Сұлтан, Қазақстан – АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті төрағалық етуші ұйым ретінде виртуалды форматта Орталық және Шығыс Еуропа елдері Банктік қадағалау органдары тобының 33-ші жылдық конференциясын виртуалды форматта өткізеді.

Қазақстан алғаш рет Орталық және Шығыс Еуропа елдері Банктік қадағалау органдары тобының конференциясын (BSCEE тобы) қабылдайды, ол 27-28 мамырда ұйымдастырушысы – АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің (АФСА) алаңында өтеді.

Конференцияның ашылу салтанатында АФСА Бас директоры Мұхтар Бөбеев пен Халықаралық есеп айырысу банкі Қаржылық тұрақтылық институтының төрағасы Фернандо Рестой сөз сөйледі. Іс-шараға Орталық және Шығыс Еуропаның 25 елінен орталық банктер мен банктік реттеушілер басшылары, сондай-ақ Халықаралық валюта қоры, Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитеті, Еуропалық орталық банк және Қаржылық тұрақтылық институтының өкілдері қатысады.

Мұхтар Бөбеев, АФСА Бас директоры: «Биыл біз BSCEE тобына төрағалық етеміз және Қазақстанда бірінші рет осы топтың жыл сайынғы конференциясын өткізіп отырмыз. Конференция барысында пандемиядан кейінгі кезеңдегі реттеушілік басымдықтарды, қадағалау саласындағы технологиялық шешімдерді әзірлеу, цифрландыруды жеделдету, сондай-ақ ұлттық банк секторларындағы ағымдағы жағдайды талқылау жоспарланып отыр».

BSCEE тобы 1991 жылы құрылды. Аймақтық топтың міндеттері – оның мүшелері арасындағы тығыз ынтымақтастық пен байланысты ынталандыру және қолдау, техникалық пікірталастар, банктік реттеушілер арасында озық тәжірибе, ақпарат және ноу-хау алмасу үшін жоғары деңгейлі платформа ретінде қызмет ету және Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетімен (BCBS) диалогта Орталық және Шығыс Еуропа аймағын ұсынады.

BSCEE құрамына Австрия, Албания, Армения, Беларуссия, Болгария, Босния және Герцеговина, Венгрия, Грузия, Қазақстан (АХҚО), Латвия, Литва, Солтүстік Македония, Молдова, Польша, Ресей, Румыния, Сербия, Словакия, Словения, Түркия, Украина, Хорватия, Чехия, Эстония және Черногориядан банктік қадағалаушы органдар кіреді.

AIFC AI assistant