АХҚО Орталық Азия қаржы саласын реттеушілермен арадағы ынтымақтастықты дамытуда
2021 жылғы 3 желтоқсанда «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) базасында АХҚО тәуелсіз қаржы реттеушісі, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, сондай-ақ бірқатар халықаралық қаржы ұйымдарының қаржылық реттеушілерінің қатысуымен жоғары деңгейдегі кеңес өтті.
Кеңес осы жылдың 6 тамызында Түркменбашы (Түркіменстан) қаласында өткен Орталық Азия Мемлекеттері басшыларының Консультативтік тобы кездесуінің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдемені жүзеге асырудағы маңызды қадам болды. Бірлескен мәлімдеме қаржы жүйесін бірлесіп дамытудың және аймаққа инвестициялар тартудың маңыздылығын көрсеткен. АХҚО Орталық Азия аймағы елдерін, сондай-ақ шетелдік инвесторлармен байланыстыратын экономикалық тұғырнама ретінде айқындалған.
Кеңестің мақсаты-қаржылық қадағалау саласындағы аймақтық ынтымақтастықты дамыту және қор, банк және сақтандыру нарықтарын реттеу саласында өзара тәжірибе алмасу. Іс-шара аймақтағы экономикалық дамуды қолдауда қаржы секторының рөлін арттыруға ықпал ететін болады.
АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов өзара түсіністік пен аймақтық деңгейдегі реттеушілер арасындағы ынтымақтастықты күшейтудің маңыздылығына тоқталды.
«Коронавирустық пандемия мен дағдарыстың әсерін талдау кезінде экономиканы біріктіру және шекарааралық ынтымақтастықтың күшейтілуі қажеттілігін көрдік. Бұл Орталық Азия аймағына да қатысты, өйткені мұндағы экономикалық байланыстарды тереңдету барлық бес елдің дамуына жаңа серпін бере алады. АХҚО алаңы көрші елдер үшін инвестициялар тартуда әлемдік капитал нарықтарына енуге деген мүмкіндік бола алады, елдер жаңа жобаларды іске асыру үшін шетелдік әріптестермен белсенді қызмет атқара алады», – деп атап өтті АХҚО Басқарушысы Қ.Келімбетов.
«Орталық Азия елдері арасындағы реттеуші ынтымақтастықты дамыту трансшекаралық экономикалық бастамаларды, мысалы, қаржы технологиялары, төлем жүйелері, ислам бағалы қағаздарын шығару, жасыл қаржыландыру және т. б. салалардағы нормативтік талаптардың кейбірінің қысқартуына ықпал етуі мүмкін. Тығыз экономикалық байланыстары және қарқынды дамып келе жатқан нарықтары бар аймақ инвесторларды қызықтыруы мүмкін – деді АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу комитетінің Бас директоры Мұхтар Бөбеев.
Жиынның қорытындысы бойынша Орталық Азия елдерінің қаржылық реттеушілері бірлескен декларация қабылдады, оған сәйкес АХҚО әлеуетін қаржылық жүйені бірігіп пайдалану, қаржы қызметтері саласындағы трансшекаралық экономикалық бастамаларды қолдау, аймаққа инвестиция тарту, Бірлескен мәлімдеме аясындағы реттеушілер арасындағы ынтымақтастықты арттыру көзделген. Тараптар, сонымен қатар, Орталық Азия реттеушілері Тобын құрып, оның аясындағы кездесулерді АХҚО аймағында өткізіп тұруға келісті.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.
АХҚО-да 60 елден 1100-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады. Орталық Азия мемлекеттерінің АХҚО қатысушылары негізінен қаржылық қызметпен байланысты емес секторларда ұсынылған. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 қадам” Ұлт жоспары шеңберінде құрылды. 2020 жылғы 2 шілдеде ХҚК басқару кеңесінің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымдауы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропаны қамтитын өңірдегі жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуды білдіреді.
АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақ мерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев атап өткендей, “АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде әрекет ете алады”. https://aifc.kz/