АХҚО табысты жымқыруға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы қимыл бойынша әлемдік талаптарға жақын

Бүгін Қазақстан Республикасындағы табысты жымқыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы қимылдың (ПОД/ФТ) ұлттық жүйесін өзара бағалау бойынша құрылған ведомствоаралық Жұмыс Тобының жиыны өтті. Жиын «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) ғимаратында ҚР Президент Әкімшілігі Төрағасының орынбасары Тимур Сүлейменовтің басшылығымен өтті. 

Ведомствоаралық жиын ҚР мен АХҚО жүйелерінің ПОД/ФТ халықаралық талаптарына сәйкестігін бағалау бойынша қылмыстық табысты заңдастыру және терроризмді қаржыландыруға қарсы қимыл Еуразиялық тобының (ЕАГ) аясындағы жоспарланған іс-шаралардың бір бөлігі.

2021–2022 жылдар аралығында Қаржы мониторингі жөніндегі ҚР Агенттігінің тікелей қатысуымен  АХҚО-ның қаржы реттеушісі (AFSA)  табысты жымқыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы қимылды күшейтуге қатысты және ақшаны жымқыруға қарсы қаржылық қимыл дайындау Тобының (ФАТФ) Ұсыныстарына техникалық сәйкестік деңгейін арттыру бойынша негізгі іс-шараларды жүзеге асырды.

AFSA ФАТФ Ұсыныстарына сәйкес іс-шаралар үшін тиімді ресурстарды пайдаланатын кешендік тәуекелге негізделген жұмыс атқарады.

АХҚО жүйесі ПОД/ФТ саласы бойынша көп деңгейлі бақылау мен қадағалауды қамтамасыз етеді.

Тәуекелге негізделген қадағалау заңды тұлғалар мен ұйымдардың соңғы бенефициарлық меншік иесі туралы толық ақпаратқа қол жеткізіп, ашықтықты қамтамасыз етіп, алдын-ала шараларды қолдануға және халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. AFSA ақпараттар мен транзакциялардың блокчейн аналитикасын, қаржыны жымқыру, терроризмді қаржыландыру және өзге де қаржылық қылмыстарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың халықаралық базасын пайдаланады.

«Біз ЕАГ-ның өзіне мүше елдерге ФАТФ-тің 40 ұсынысын жүзеге асыруға ықпал еткендігін жоғары бағалаймыз. Зерттеулердің қорытындысы бізге жоғарғы тәуекелді салаларды анықтап, оларды басқарудың тиімді методологиясын құруға көмектеседі.

Атқарылған шаруаның қорытындысы бойынша ПОД/ФТ талаптары АХҚО-ның 80 Актісінде көрініс тапты. Ал олар біздің қатысушы компаниялардың әртүрлі саладағы қызметтерін қамтиды,– деді АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов. – ҚР ПОД/ФТ Заңы бойынша АХҚО қатысушы компаниялары  қаржылық мониторинг субъектілері. Ал біздің қаржылық реттеушіміз AFSA – қатысушылардың ПОД/ФТ бойынша АХҚО құқығы аясында жұмыс істеуін қадағалаушы орган».

Осы жылдың тамыз айында Экономикалық ынтымақтастық және даму Ұйымы (ОЭСР) АХҚО салық режимінің салықтық ашықтығының ғаламдық талаптарға сәйкестігін таныған Есебін жариялады. Бұл Есеп АХҚО-ның ғаламдық талаптарға, оның ішінде салықтық талаптарға сай екендігін көрсетеді.

 

Анықтамалық ақпарат:

“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.

АХҚО-да 65 елден 1500-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi. www.aifc.kz

AIFC AI assistant