Қазақстанның жасыл таксономиясы

Орнықты инвестициялар қарқын алып келе жатқандықтан, әртүрлі инвестициялар мен экономикалық қызметтердің экологиялық орнықтылық аспектілерін түсінудің үлкен қажеттілігі бар. Бұған жауап ретінде бірқатар юрисдикциялар, соның ішінде Қазақстан, орнықты қаржыландырудың ресми анықтамаларын жасау және орнықты (жасыл) қаржыландырудың таксономияларын әзірлеу үшін заңнамалық актілерді қабылдай бастады.

Жасыл (орнықты) жобалардың таксономиясы жіктеуші ретінде жасыл (орнықты) жобаларды сәйкестендіруге, әзірлеуге және қаржыландыруға жалпы түсінік пен көзқарасты қамтамасыз ету және инвесторлардың сенімін арттыру және экологиялық пайдасы жоқ жобалар «жасыл» деп белгіленетін жағдайлар – «жасыл камуфляждың» алдын алу үшін қажет.

Таксономия сонымен қатар ақпаратты ашуға және есеп беруге, сондай-ақ пайыздық мөлшерлемелер мен кепілдіктерді субсидиялау сияқты экономикалық ынталандыруды пайдалануға негіз береді. Қандай инвестициялардың «жасыл» және «орнықты» екендігі туралы дәлірек және дәйекті анықтамалар инвестициялардың түсуіне ықпал етеді, сенімділікті қамтамасыз етеді және инвесторларға кепілдік береді. Басқа артықшылықтарға оларды бағалау немесе ынталандыру сияқты саяси шаралар қабылдау мүмкіндігі үшін орнықты қаржыландыру ағындарын мониторингтеу процесін жеңілдету кіреді.

2021 жылы Жасыл қаржы орталығы жасыл қаржыландыруға тиесілі жобалардың өлшемшарттарын белгілейтін Жасыл жобалар таксономиясын әзірледі. Таксономия Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген. https://adilet.zan.kz/rus/docs/P210000099)

 

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-25 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жасыл жобаларға субсидиялар

Жасыл облигациялар мен кредиттерді экономикалық ынталандыру шаралары — купондық және пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, сондай-ақ жасыл облигацияларға кепілдік беру тетігі (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 43 қаулысымен бекітілген; оператор – «ДАМУ» КДҚ).

 

ESG-фонды

Орнықты және жауапты инвестициялық практиканы көтермелеу бағытындағы маңызды қадам – 2023 жылы АХҚО юрисдикциясында ESG-қорларды құру туралы нормаларды қабылдау болды. Жаңа реттеуші ережелерге сәйкес ESG-қор – бұл стратегиясында ESG қағидаттарына сәйкес келетін қаржы құралдарына кем дегенде 70% инвестициялар көзделген қор.

ESG-қорларды қорлар туралы қолданыстағы ережелерге енгізу үшін АХҚО реттеушісі AFSA АХҚО Ұжымдық инвестициялау схемасының қағидаларына түзетулер енгізді және арнайы қорлардың жаңа санаттары ретінде Environmental, Social, and Governance (ESG) қорлары ұғымын енгізді.

Бұл бастама AFSA-ның әлемдегі ең жақсы практикаларға, мүдделі тараптардың үміттеріне сәйкес келуге, сондай-ақ жауапты инвестициялаудың өзгеретін ландшафтын ескеруге деген ұмтылысын көрсетеді. ESG-қор мәртебесін алудың маңызы зор, өйткені ол инвесторларға орнықты даму мен жауапты практикаға басымдық беретін, сондай-ақ әлеуетті қаржылық пайда мен тәуекелдерді азайтуды ұсынатын компанияларды қолдауға мүмкіндік береді.

Lorem Ipsum is simply dummy text of the printing and typesetting industry. Lorem Ipsum has been the industry’s standard dummy text ever since the 1500s, when an unknown printer took a galley of type and scrambled it to make a type specimen book. It has survived not only five centuries, but also the leap into electronic typesetting, remaining essentially unchanged.

It was popularised in the 1960s with the release of Letraset sheets containing Lorem Ipsum passages, and more recently with desktop publishing software like Aldus PageMaker including versions of Lorem Ipsum.