АХҚО Әкімшілігінде Ашық есік күні

2025 жылғы 25 маусым, сағат 10.00 — 12.00

Іс-шара туралы

Біз сіздерді тұрақты іс-шарамыз – әр айдың соңғы сәрсенбісінде өтетін АХҚО Әкімшілігінің Ашық есік күніне қуана шақырамыз. Бұл АХҚО юрисдикциясында компаниясын тіркеуге мүдделі және ресми рәсім басталғанға дейінгі сұрақтарға жауап алғысы келетін жандар үшін ұйымдастырылып отырған формат. 

Ашық есік күніне мына сілтеме арқылы тіркеліп, қатыса аласыз: AIFC Authority Open Office Day.

Ашық есік күні 25 маусымда АХҚО Әкімшілігінің кеңсесінде өтеді.

Мекенжай: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/18, С3.3 блогы, Түркістан залы.

Уақыт: сағат 10.00 — 12.00.

Іс-шара тілі: орыс тілі.

 

Ашық есік күні кезінде берілген ақпарат тек ақпараттық мақсаттарға арналған және заңды, салықтық немесе басқа кәсіби кеңес емес. Қатысушыларға олардың нақты жағдайына бейімделген жеке кеңес алу үшін тиісті мамандармен немесе кеңесшілермен байланысу ұсынылады. Іс-шараға қатысу АХҚО-да тіркелу болып саналмайды және АХҚО юрисдикциясы шеңберінде ешқандай ресми мәртебе немесе құқық бермейді.

AIFC Services Assistant