ХТО Еуразиялық арбитраж апталығы 2025

2025 жылғы 1-2 шілде

Іс-шара туралы

Еуразиялық арбитраж апталығы (EAW25) Еуразия мен әлемнің түпкір-түпкірінен келетін арбитраж және дауларды шешу саласындағы жетекші сарапшыларды біріктіретін маңызды алаң. Төрешілер, жеке практика заңгерлері, корпоративтік заңгерлер, саясаткерлер мен ғалымдар арбитраждың заманауи тәжірибелері мен дауларды шешудің тиімді әдістерін, сондай-ақ аймақтағы бизнестің негізгі қиындықтары және жаңа мүмкіндіктерін, стратегиялық шешімдерді талқылау үшін жиналады.

EAW25 аясындағы пікірталастар мен панельдік сессияларда арбитражды дамыту, дауларды шешудің баламалы әдістері және құқық үстемдігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады, сондай-ақ инвесторлардың құқықтарын қорғаудың сенімді әрі экономикалық тұрғыдан тиімді механизмдерін құру жолдары талқыланады. EAW25 – биыл үшінші рет ХТО алаңында өтетін маңызды іс-шара. Біз EAW25 халықаралық заң компаниясы Herbert Smith Freehills LLP-пен бірлесіп өтетіні туралы қуана хабарлаймыз. Өткен жылы EAW24-ке АҚШ, Ұлыбритания, Еуразия, Еуропа және Азиядан 200-ден астам адам қатысты.

Тіркелу сілтемесі.

AIFC Services Assistant