
Вебинар: Инвестициялық қорлар бизнесті қаржыландыру құралы ретінде: қолданудың негізгі құқықтық аспектілері
Вебинар туралы
Ұжымдық инвестициялық құрылымдар 2025 жылы қарқынды өсуді жалғастырып, капиталды тартудың ең қолайлы құралдарының біріне айналады. Инвестициялық қорлар заңды аспектілерді шоғырландырып, әрі тәуекелдерді барынша азайта отырып, корпоративтік инвесторлар үшін тиімді шешімдер ұсынады.
Вебинар барысында АХҚО және Birch International Limited сарапшылары инвестициялық қорлардың негізгі нысандары, оларды пайдаланудың артықшылықтары, АХҚО-дағы реттеу ерекшеліктері туралы әңгімелейді, сонымен қатар Гонконг пен БАӘ қаржы аймақтарының тәжірибесімен салыстырмалы талдау жүргізеді.
Талқыланатын тақырыптар:
- Бизнесті қаржыландырудағы инвестициялық қорлардың рөлі
- Қорларды құру мен басқарудың құқықтық аспектілері
- Қорлар арқылы жеке капиталды пайдаланудың өсуі
- Жаңа трендтер: токенизацияланған қорлар, ESG жобалары, AI және Web3-ке инвестициялар
- Қордың юрисдикцияларын салыстыру: АХҚО, Гонконг, БАӘ
Осы сілтеме арқылы тіркеле аласыз.

Күні: 15.05.2025 ж
Уақыты: 16.00-18.00 (Астана уақытымен)
Формат: онлайн
Іс-шара тілі: орыс тілі
Бұл вебинар AIFC Community аясында АХҚО Әкімшілігі мен Birch International Limited ынтымақтастығымен ұйымдастырылып отыр.
Бизнесіңізді дамыту жолында инвестициялық қорларды құру және пайдалану мүмкіндіктері туралы көбірек білу үшін бізге қосылыңыз!