Сайран Хамитов

Цифрлық технологиялар жөніндегі бас директор

image

Білім

«Сколково» бизнес-мектебінде біліктілікті арттыру бағдарламасының жеңімпазы, Project Management Institute-тан сертификатталған жоба жетекшісі (PMP) атағын алды. «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты. Иллинойс технологиялар институтында (АҚШ) ақпараттық технологиялар және менеджмент магистрі дәрежесін, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың қолданбалы математика саласының бакалавры дәрежесін алған.

Жұмыс тәжірибесі

Сайран Хамитовтың цифрлық технологиялар, аналитика және жобаларды басқару саласында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. 2019 жылы АХҚО командасына қосылып, АХҚО әкімшілігіндегі жобалар портфелін басқару департаментінің директоры болды. Кейіннен АХҚО еншілес ұйымы – AIFC Business Connect Ltd. аналитика және технологиялар департаментін басқарды. 2023 жылдың наурыз айынан бастап осы тағайындауға дейін АХҚО әкімшілігінің технологиялар департаментінің директоры лауазымын атқарып, цифрлық трансформация және инновацияларды енгізу жобаларына жетекшілік етті.
Бұған дейін Satbayev University Қашықтан білім беру институтының директоры лауазымын атқарған, Capital Bank Kazakhstan және HSBC Bank Kazakhstan-да бизнес-процестерді оңтайландыру департаменттерін басқарған. Air Astana, Technip Italy және Eurest Raytheon-да басшылық лауазымдарда еңбек етті.

AIFC Services Assistant