Ұлттық ESG клубына 10 жаңа мүше қосылды

Ұлттық ESG клубының үшінші отырысы аясында он жаңа мүшенің қосылуы жарияланды.

Қазіргі қатысушыларға ПК «Freedom Finance Global PLC», PwC Kazakhstan, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «Электр энергиясы мен қуаты рыногының Қазақстандық операторы» АҚ, «Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы» КЕАҚ байланыстары, «ForteBank» АҚ, Nexus ESG Kazakhstan, Сафи Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университеті КЕАҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, DIMPULSE Limited сияқты компаниялар қосылды.

Нәтижесінде Ұлттық ESG-Клуб Қазақстанда орнықты даму қағидаттарын белсенді ілгерілететін 40 жетекші компанияны біріктірді.

Отырыс шеңберінде клуб мүшелерінің үлестері мен жетістіктерін және ESG бизнесті трансформациялаудың алдағы міндеттерін қамтитын ұлттық ESG баяндамасы жобасының құрылымы ұсынылды, сондай-ақ 2023 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған қызмет жоспарлары талқыланды. Отырыс соңында ESG-клубының төрағасы Айдар Қазыбаев «ESG Investment Forum» атты жыл сайынғы форумды ұйымдастыру және ESG Guide дайындау жөніндегі бастаманы қарауға ұсынды.

Клубтың келесі отырысы 2022 жылдың желтоқсан айының ортасына жоспарланған.

 

 

Анықтама:

Ұлттық ESG клубы 2022 жылғы 28 шілдеде Astana Finance Days 2022 шеңберінде құрылды және өз салаларында ESG-трансформацияның көшбасшылары болып табылатын 19 компанияны біріктірді. Бүгінгі таңда клуб құрамына 30 компания кіреді. 

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.

www.aifc.kz 

АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту.

Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді. www.gfc.aifc.kz

AIFC AI assistant