2024 жылдан бастап Қазақстанның банк секторында міндетті ESG-есептілікті енгізу жоспарланып отыр

2023 жылғы 7 маусымда «Astana Finance Days» аясында Орталық Азиядағы «Белдеу және жол» жобасы (GIP) үшін Жасыл инвестициялар қағидаттарының өңірлік кеңсесінің көмегімен «ESG-есептіліктің болашағы» панельдік сессиясы өтті, онда ESG-есептіліктің негізгі халықаралық стандарттары саласындағы трендтер және Қазақстанда міндетті ESG-ашуды енгізу мерзімдері талқыланды.  

Сессия жалпы және климаттық ашылулардың жетекші жаһандық стандарттарына шолу мен практикалық талаптарға, сондай-ақ ұлттық қаржы реттеушісінің Қазақстанның қаржы секторында ESG қағидаттарын одан әрі іске асыру жөніндегі жоспарларын талқылауға арналды. Орталық Азиядағы GIP өңірлік кеңсесі ашықтықты қамтамасыз етудің, тәуекелдерді тиімді басқарудың және стандарттардың (жалпы стандарттар және климат туралы ақпарат ашудың ХҚЕС ISB стандарттары (S1, S2 стандарттары) және TCFD ұсынымдары) негізгі әзірлеушілері қатарындағы сарапшылардың инвестицияларды тартуының маңызды құралы ретінде ESG-есептілікті талқылауды ұйымдастыруда маңызды рөл атқарды.

Мәселен, ХҚЕС қоры жанындағы Тұрақты даму саласындағы халықаралық стандарттар Кеңесінің (ISSB) техникалық директоры Рави Абейварданның айтуынша, ағымдағы жылдың маусым айының соңында тұрақты ашу саласындағы жалпы ашу бойынша стандартты (General Requirements for Disclosure of Sustainability-related Financial Information Prototype) және ХҚЕС Климаттық ашу бойынша стандартты (Climate-related Disclosures Prototype) бекіту жоспарлануда. Ерікті мәртебесіне қарамастан, осы стандарттарды ұлттық юрисдикцияларда орта мерзімді перспективада енгізу мәселесі, талқылауға қатысушылардың пікірінше, әлі ерте сияқты.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева реттеушінің Қазақстанның қаржы секторында ESG қағидаттарын енгізу жөніндегі жоспарларымен бөлісе отырып, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізуге міндетті болатын ESG-ақпаратты ашу бойынша банктер мен қаржы ұйымдары үшін Нұсқаулықтың қабылданғанын жариялады. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың наурыз айында Агенттік Қазақстанның қаржы нарығында ESG қағидаттарын енгізу бойынша Жол картасын әзірледі және қазіргі уақытта іске асыруда.

Орталық Азиядағы GIP аймақтық кеңсесінің төрағасы Ясин Анвар бұл тәсілге толық қолдау білдірді: «Қазақстанның қаржы реттеушісі тарапынан ұсынылған бұл шараларды құптаймын. Пәкістанда тұрақты банкинг құруға тікелей қатысқан Пәкістан Орталық банкінің бұрынғы басқарушысы ретінде мен климатқа байланысты жүйелік тәуекелдерге назар аудара отырып, қаржы ұйымдарындағы тәуекелдерді толыққанды салыстыру және бағалау үшін стандартталған ESG есеп беру талаптарын енгізу арқылы тұрақты инвестицияларға капитал ағынын ынталандырудағы қаржылық реттеушілердің маңызды рөлін растай аламын».

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz

Жеке компания «AIFC Green Finance Centre Ltd. – «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығы бойынша құрылған компания Қазақстанда және Орталық Азияда «жасыл» қаржы құралдарын енгізу, АХҚО-ны «жасыл» қаржы орталығы ретінде ілгерілету, сондай-ақ Қазақстанға жасыл инвестициялар тарту мақсатында құрылған. Компания туралы толығырақ ақпарат корпоративтік интернет-ресурста орналастырылған. gfc.aifc.kz  

БАҚ үшін байланыс

Айнұр Исабаева  

Баспасөз хатшысы

Тел: +7 (7172) 61 36 36  

Email: [email protected]   

AIFC AI assistant