Халықаралық девелопердің еншілес компаниясы AIX-те дебюттік бондтарын орналастырды
Astana International Exchange («AIX», «Биржа») Nef Qazaqstan 6 000 000 000 теңге тұратын, 20% купоны бар, 2023 жылы өтелетін дебюттік облигациялардың AIX ресми тізіміне енгізілгенін қуана хабарлайды. Nef Qazaqstan – жаһандық өсу стратегиясы бар Түркиядағы ең ірі девелоперлер бірінің еншілес кәсіпорны.
Jusan Invest брокері мәміленің ұйымдастырушысы және букранері болды.
АІХ Басқарма төрағасы Ренат Бектұров:
«Nef компаниясы – Ұлыбританияда, АҚШ-та, Қазақстанда жобаларды іске асыруда үлкен тәжірибесі бар және Германия, БАӘ мен басқа да елдерде күтіліп отырған жобалары бар тәжірибелі девелопер. Компания өзінің бірегей бизнес үлгісімен, жоғары сапасымен, дизайнымен және инновациясымен танымал. Біз Nef Qazaqstan үшін листинг алаңы болғанымызды мақтан тұтамыз және инвесторларға портфельді әртараптандырудың тағы бір құралын ұсынуға қуаныштымыз», — деді.
Nef Qazaqstan бас директоры Тарык Волкан Оскай:
«Біз Қазақстанда жобамызды бастаған кезде Nef нарықтағы бірегей ойыншы болатынын білдік, өйткені біз әрқашан өз тұрғындарымызға мүлдем жаңа өмір салтын ұсынамыз. Біз жай ғана құрылыс жүргізіп қана қоймаймыз, біз Nef Friends & Family қоғамдастығын құрамыз. Бүгін өте маңызды күн, өйткені біз AIX-те листингімізді жариялаймыз» — деп атап өтті.
Jusan Invest АҚ Басқарма төрағасы Максим Кабанов:
«Біз корпоративтік бизнестің дамуына тағы да үлес қосып, клиенттерімізге инвестициялауға арналған қосымша құрал ұсына алғанымызға қуаныштымыз. Облигацияларды тағы бір сәтті орналастыру экономиканың нақты секторындағы компаниялардың қор нарығында капитал тарту мүмкіндігін растайды», — деп пікір қосты.
Анықтама:
AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері қатарында АХҚО, Goldman Sachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ биржасы бар. Биржа ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта аясында жұмыс істейді, осылайша сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы – жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және тиімді жағдайларды қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды әзірлейді. Толығырақ: www.aix.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті – ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде орнығу. www.aifc.kz
NEF Qazaqstan 2021 жылы жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында құрылған. Компанияның жалғыз құрылтайшысы және оның Бас директоры – Түркия Республикасының азаматы Оскай Тарик Волкан. Компания девелоперлік ұйым ретінде әрекет етеді, оның негізгі қызметі жобаларды, жобалардың сәулеттік, инфрақұрылымдық және өзге де эскиздерін жасау болып табылады. NEF Qazaqstan құрылыс саласында халықаралық бренд болып табылатын және 2010 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «NEF» брендімен жұмыс істейді.
Jusan Invest-тің номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2021 жылғы 25 маусымдағы № 3.2.239/16 лицензиясы бар, сондай-ақ AIX биржасының сауда мүшесі болып табылады (2018 жылғы 20 маусымдағы № TM2018001). Компанияның жалғыз акционері Moody’s Investors Services рейтингтік агенттігінің 2022 жылғы жағдайы бойынша В1 рейтингісіне («тұрақты» болжам) ие екінші деңгейлі ірі банктердің бірі «Jusan Bank» АҚ болып табылады. Толығырақ: www.jusaninvest.kz