АХҚО-ның Заң қызметтерін реттеу кеңесі алғашқы заң консультанттарын тіркеді
Astana Finance Days аясында жергілікті және халықаралық заң қоғамдастығы үшін АХҚО-да заң қызметтерін реттеу режімінің ресми таныстырылымы өтті.
Спикерлер ретінде АХҚО-ның Заң қызметтерін реттеу кеңесінің төрағасы Саймон Кокс және Кеңес мүшелері, АХҚО Құқық академиясының директоры Дэвид Галло мен Aequitas серіктесі Елена Манаенко сөз сөйледі.
Шақырылған спикер ретінде Гонконг заң қауымдастығының Вице-президенті Амирали Насир сөз сөйледі.
Іс-шара аясында алғашқы тіркелген заңгерлерге салтанатты түрде тіркеу туралы сертификаттар табысталды. Тіркелген заң кеңесшілерінің тізілімі АХҚО сайтында мына сілтеме бойынша орналастырылған: https://aifc.kz/legal-services-regulation/
АХҚО құқығын қолданғысы келетін заңгерлер АХҚО-ның Заң қызметтерін реттеу кеңесіне ([email protected]) тіркеуге өтінім бере алатынын еске саламыз. Барлық сұрақтар бойынша Кеңес хатшысы Айгерім Тасболатқызына +7 (7172) 64 74 43, +7 (702) 976 60 15 тел. нөмірлері арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – өз жұмысын 2018 жылы бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті – ЕАЭО елдерін, Орталық Азия мен Кавказды байланыстыратын әмбебап платформа ретінде орнығу. www.aifc.kz