ACWA Power Kazakhstan АХҚО-да  3000-шы компания болып тіркелді

«Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО, орталық) тіркелген компаниялардың саны 3000-нан асты. 3000-шы компания болып ACWA Power Kazakhstan тіркелді.

Сауд Арабиясында тіркелген ACWA Power – суды тұшыландырумен айналысатын әлемдегі ең ірі жеке меншік компания, энергетикалық ауысудың көшбасшысы және «жасыл» сутегіні қолдануға тұңғыш жол ашушы. Қазіргі уақытта ACWA Power Таяу Шығыс, Африка, Орталық Азия және Оңтүстік-Шығыс Азияның 13 елінде жұмыс істейді. Компанияның портфелінде инвестициялық құны 94,3 млрд АҚШ долларын құрайтын, 65,6 ГВт электр энергиясын өндіруге және тәулігіне 8,0 млн м3 тұщыландырылған су өндіруге қабілетті 90 жұмыс істеп тұрған, әзірлеу немесе салу сатысындағы жобалар бар.

ACWA Power Жетісу облысында жалпы қуаты 1 ГВт энергияны сақтау жүйелері бар жел электр станциясын салуды жоспарлап отыр. Бұл жоба көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге және жаңартылған энергия көздерінің  үлесін арттыруға бағытталған.

Бұл АХҚО-ның негізгі міндеттерінің бірі – төмен көміртекті экономикаға көшуді, жасыл инвестицияларды тартуды және қолдаушы қаржылық экожүйені құруды қоса алғанда, орнықты даму мақсаттарына жәрдемдесуге тікелей сәйкес келеді.

АХҚО өсімі тек санмен ғана емес, сонымен қатар халықаралық қамтумен де өлшенеді. Бүгінгі таңда орталықтың қатысушылары – 82 елдің компаниялары, олардың алғашқы ондығына Қытай, Ресей, Ұлыбритания, АҚШ, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Сингапур, Үндістан, Нидерланды және Кипр Республикасы кіреді. Елдердің алуан түрлілігі АХҚО-ның жаһандық қаржы орталығы ретіндегі тартымдылығын айшықтайды.

АХҚО Басқарушысы Ренат Бектұров: “Орталық қатысушылары санының өсуі АХҚО-ның жалпы құқық қағидаттарына негізделген бірегей құқықтық базасын, қолайлы салық шарттарын және қатысушыларының бизнес-операцияларын қолдауға бағытталған қызметтер кешенін қоса алғанда, бірқатар факторларға байланысты. Орталық құрылған сәттен бастап қаржылық, технологиялық, энергетикалық және басқа салаларды қоса алғанда, түрлі секторлардан компанияларды тартуда, осылайша Қазақстан мен өңірдің инновациялары мен экономикалық дамуына ықпал етуде”. 

Қазақстандағы АХҚО оның юрисдикциясында жұмыс істейтін ұйымдар үшін түрлі артықшылықтар ұсынады. Орталықтың субъектілері лицензияланған нарық институттары, FinTech Lab қатысушылары[1], реттелетін қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар[2], қосалқы қызметтер ұсынушылар[3] және т.б. ретінде жұмыс істейді. АХҚО-да тіркелген ұйымдардың әрбір түрі осы артықшылықтарды әртүрлі тәсілдермен пайдалана алады. 

Лицензияланған нарықтық институттар АХҚО шеңберінде жақсы реттелетін нарықтық инфрақұрылымға, қызметтің ашықтығы мен инвесторлардың қорғалуына қол жеткізе алады. АХҚО сенімді құқықтық базаны және реттеушілік қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді, бұл нарыққа деген сенімділікті және оның жаһандық инвесторлар үшін тартымдылығын арттырады.

Сонымен қатар, FinTech Lab өсуді тездетіп және нарыққа шығуды жеңілдетіп, қаржылық технологиялар саласындағы инновациялар үшін қолайлы ортаны ұсынады.

АХҚО-да реттелетін қызметті жүзеге асыратын компаниялар халықаралық стандарттарға сәйкес келетін кешенді реттеуші-құқықтық базаны пайдалана алады. Бұл клиенттер мен инвесторлардың сенімі мен сенімділігін арттырады.

АХҚО-да қаржылық емес қызметпен айналысатын компаниялар өңірдің стратегиялық орналасуы, заманауи инфрақұрылым және бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар түріндегі артықшылықтарға ие болады.

Қосалқы қызметтер ұсынушылар қаржы мекемелеріне қажетті қосалқы қызметтерді ұсына отырып, өсіп келе жатқан қаржылық экожүйені пайдалана алады.

Орталықтың 3 000 қатысушысының 10%-дан астамын реттелетін қызметті жүзеге асыратын АХҚО қатысушылары, лицензияланған нарықтық институттар, FinTech Lab қатысушылары және қосалқы қызметтерді ұсынушыларды құрайды.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында AFSA 32 лицензия берді, оның ішінде толық реттеуші режимде жұмыс істейтін 14 компания, AFSA реттеуші құм алаңының 4 мүшесі және қосалқы қызметтердің 14 ұсынушысы бар. Бұл 2023 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда екі есе көп.

2021 жылдың қыркүйегінде АХҚО 1000-шы компанияны тіркеді, ал 2023 жылдың шілдесінде оның саны екі есеге өсіп, 2000 тіркелген компанияға жеткен болатын.

Анықтама үшін: 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz  

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 82 елден 3000-нан астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz 

Байланыс ақпараты:

АХҚО баспасөз қызметі

Айнұр Исабаева  

Баспасөз хатшысы  

Тел: +7 701 777 6558

E-mail: [email protected]

Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті AFSA

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61 37 45

[email protected]


[1] Компаниялар реттеуші талаптардың толық жиынтығына бірден түспбетпе-бет келмей, инновациялық қаржылық және RegTech-қызметтерін ұсына алатын арнайы құрылған «тірі» орта.

[2] Реттелетін қызмет – бұл AFSA рұқсатын қажет ететін қаржылық қызметтер. Оларға брокерлер мен дилерлер, инвестициялар мен қорларды басқару, банк қызметі, қорларды әкімшілендіру, депозитарлық сақтауды ұсыну және ұйымдастыру, исламдық қаржыландыру және өкілдікті басқаруды қоса алғанда, басқа да қызмет түрлері жатады.

[3] Қосалқы болып саналатын, бірақ  аудиторлық, бухгалтерлік, заңгерлік, консультациялық және кредиттік-рейтингтік агенттіктерді қоса алғанда, қаржылық қызметтер индустриясы мен капитал нарығының дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет кәсіби қызмет көрсетушілер.

AIFC AI assistant