АЭФ-2019 шеңберінде АХҚО панельдік сессиясында қаржы орталықтарының XXI ғасырдағы рөлі талқыланды
Қаржылық өзара іс-қимыл: XXI ғасырдағы қаржы орталықтарының рөлі. Осындай атаумен Астана экономикалық форумы – 2019 (АЭФ-2019) аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) панельдік сессиясы өтті.
Спикерлер ретінде АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов, БҰҰ АТМЭӘК дамыту үшін макроэкономикалық саясат және қаржыландыру жөніндегі директоры Хамза Әли Малик, Евробак атқарушы директоры Юлия Кусиди, PricewaterhouseCoopers (PwC) мемлекеттік органдар мен мемлекеттік секторға қызмет көрсету жөніндегі жаһандық тәжірибенің жетекшісі, БАӘ-дағы PwC серіктесі Хазем Галяль, Хамад Бин Халифа, Доха Университетінің Президенті, Катар Ахмад М. Хасна, сондай-ақ АХҚО сотының және халықаралық төрелік орталығының тіркеушісі Кристофер Кэмпбелл-Холт сөз сөйледі. Сессияны Еуразиядағы BBC World News аймақтық кеңселерінің басшысы Сергей Становкин модерациялады.
Сессияның негізгі мәселелері аймақтың қаржы секторын дамытудың интеграциялық үдерістерінің мүмкіндіктері мен тәуекелдері және әлемдік нарықтардың қазіргі трендтерінің қаржы орталықтарының стратегиялық дамуына әсері болды.
АХҚО Басқарушысы жаңа технологиялық шешімдердің арқасында қаржы орталықтарының рөлі қазіргі әлемде анағұрлым маңызды екенін атап өтті. «Төртінші индустриялық революция шеңберінде қаржылық технологияларды, жасанды интеллект пен үлкен деректерді дамыту бізге қаржы орталықтарының мүлдем жаңа буынын құруға көмектеседі, олардың басты басымдығы инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады», – деді Қ. Келімбетов.
Сессия барысында сондай-ақ қаржы орталықтары инвестициялық ағындарды тарта алатын және жаңа Жібек жолының экономикасын жаңғырту жөніндегі өңірлік көшбасшы және халықаралық орталық ретінде өзін көрсете алатын жолдар талқыланды.
Сарапшылар өңірлік интеграция Еуразия үшін маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өтті. Бұл ретте, негізгі Еуразиялық бағыттар қиылысындағы Қазақстан жаңа өңірлік орталыққа айналуы мүмкін. Сонымен қатар, қазіргі уақытта бәсекелестік көбінесе елдер арасында емес, қаржылық хабтар арасында дамитынын ескере отырып, өңірлік қаржылық қызмет көрсету орталықтарының рөлі Шығыс пен Батысты біріктіруге және жалпы дамуға жәрдемдесуге тиіс, деп атап өтті сөз сөйлеушілер.
Сұраулар:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2015 жылы «Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында құрылды. Орталық өз қызметін «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V Конституциялық заңына сәйкес жүзеге асырады. АХҚО-ның мақсаты шикізат емес секторға баса назар аудара отырып, Қазақстанға шетелдік инвестициялардың ағынын ұлғайту, капиталдың ішкі нарығын дамыту, перспективалы қаржы салаларында жеке сараптама жасау болып табылады.