AFSA АХҚО-дағы кредиттік рейтингтік агенттіктерді реттеуге өзгерістер енгізді
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) кредиттік рейтингтік агенттіктерді (КРА) реттеуге өзгерістер енгізді. Халықаралық практика мен нарық пікіріне жасалған талдауды ескере отырып, ұсынылған өзгерістер кредиттік рейтингтік агенттіктердің реттелетін қызмет түрлері режиміне өтуін көздейді. Реттеушілік мәртебедегі бұл өзгеріс кредиттік рейтингтік агенттіктердің нарық тарапынан қабылдануына, олардың беделінің нығаюына әлеуетті әсер және инвесторларға, реттеушілерге және нарық қатысушыларына КРА анағұрлым жоғары реттеуші стандарттарға сәйкес келетіндігін көрсету сияқты бірнеше жағымды аспектілерге ие.
Мәртебенің ауысуы халықаралық стандарттар мен практикаларға сәйкес қадағалауды күшейте отырып, сондай-ақ кредиттік рейтингтік агенттіктердің қызметіне неғұрлым қатаң талаптар енгізе отырып, АХҚО-дағы кредиттік рейтингтік агенттіктер үшін реттеуші ортаны айтарлықтай өзгертеді.
Реттеудегі өзгерістер АХҚО-дағы жаңа және жұмыс істеп тұрған кредиттік рейтингтік агенттіктерге де қолданылады.
Өзгерістер 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Жұмыс істеп тұрған кредиттік рейтингтік агенттіктер үшін жаңа талаптарға сай болу үшін 12 айлық өтпелі кезең белгіленді.
АХҚО-ның Жалпы қағидаларына, АХҚО-ның бизнес жүргізу қағидаларына, АХҚО-ның ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл және санкциялар мәселелері жөніндегі қағидаларына, АХҚО глоссарийіне, сондай-ақ АХҚО-ның алымдар қағидаларына енгізілген тиісті өзгерістер АХҚО сайтында жарияланды.
Анықтама үшін:
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 80-нен астам елден 3500-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45