АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті және ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi жылыстатуға және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл саласында бірлесіп жұмыс істеуге келісті

АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) мен Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) кiрiстердi жылыстатуға және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл (КЖ/ТҚҚ) және жаппай қырып-жою қаруын таратуға қарсы күресте бірлесіп жұмыс істеуге келісті. Тараптар AFSA-ның тиісті саладағы реттеу міндеттерін тиімді орындау үшін ақпаратпен, оның ішінде құпия ақпаратты алмасады.

AFSA және ҚМА халықаралық стандарттарды (ФАТФ ұсынымдарын), қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі Еуразиялық топтың (EAТ) және кірістерді жылыстатуға қарсы қаржылық іс-қимыл жөніндегі жұмыс тобының (ФАТФ) бағалау әдістемесі мен нұсқауларын тану негізінде ынтымақтастық туралы келісті.

Бұл ынтымақтастық AFSA-ның ҚЖ/ТҚҚ реттеуші базасының ФАТФ стандарттары мен ұсыныстарына сәйкестігін қамтамасыз етуге деген берік міндеттемесін көрсетеді.

Келісімге қол қоюға Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов және АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті бас директоры Мұхтар Бөбеев қатысты.

Жанат Элиманов мырза былай деді: «Бүгін біз қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында бірлескен шаралар қабылдауға бағытталған меморандумға қол қоюға жиналдық. Болашақта Қазақстан ФАТФ халықаралық стандарттарына сәйкестігіне ЕАТ-тың өзара бағалауынан өтуі керек. Бағалау барысында ЕАТ-қа мүше елдер арасында теңдесі жоқ АХҚО қызметіне жеке назар аударылатын болады, Агенттік, өз кезегінде, бұл мәселеде барлық қажетті көмек пен қолдауды көрсетуге дайын».

Мұхтар Бөбеев мырза: «Бұл келісімнің негізінде AФМ және AFSA-ға көмектесетін маңызды ақпаратты бөлісу және бірлесіп жұмыс істеу мақсаты жатыр. Бұл АХҚО-да және жалпы Қазақстанда ақшаны жылыстатудың алдын алуға және оған қарсы тұруға қажетті. Бұған біздің күш-жігерімізді біріктіру және Қазақстан Республикасының ФАТФ ұсынымдары мен стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету арқылы қол жеткізуге болады».

AIFC AI assistant