AFSA банкроттық туралы реттеуші базаға өзгерістер енгізді
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тіркелген ұйымдар үшін тиісті рәсімдердің анықтығын, келісімділігін және функционалдығын арттыру мақсатында АХҚО-ның банкроттық туралы реттеуші базасына өзгерістер енгізді. Бұл өзгерістер компанияларды тарату рәсімдерінің кейбір аспектілеріне қатысты анықталған олқылықтарды жояды.[1]
Түзетулер 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді және АХҚО юрисдикциясы шеңберіндегі банкроттық туралы барлық тиісті істерге қолданылатын болады.
AFSA 2017 жылы қабылданған Банкроттық туралы акті мен қағидаларға Компанияларды тіркеуші (Registrar of Companies) мен AFSA рөлін АХҚО Компаниялар туралы актісінде (AIFC Companies Regulations) және АХҚО Қаржылық қызметтер туралы негіздемелік ережелерінде (AIFC Financial Services Framework Regulations) белгіленген тәжірибеге сәйкес келтіру үшін, атап айтқанда лицензияланған тұлғаларды және көмекші қызметтерді ұсынушыларды (Ancillary Service Providers) таратуға қатысты түзетулер енгізді.
Негізгі түзетулердің арасында:
- Компанияларды тіркеушінің рөлі өзгерді. АХҚО мүдделері негізінде компанияны тарату туралы өтінішхат беру өкілеттігі АХҚО әкімшілігінен Компанияларды тіркеушіге берілді.
- Хабарландыру және келісу режимі кеңейтіліп, енді көмекші қызметтер жеткізушілерін қамтиды. AFSA тарапынан хабарлауды және мақұлдауды талап ететін ережелер кредиторлар мен салымшылар[2] жиналыстары, банкроттық рәсімдері және тарату туралы қаулылар сияқты әртүрлі процестерге көмекші қызметтер ұсынушыларын қосу үшін кеңейтілді.
- Әртүрлі АХҚО актілерінде дәйектілік қамтамасыз етілді. Банкроттық рәсімін жүзеге асыру мақсаттары үшін көмекші қызметтер ұсынушылар енді лицензияланған тұлғалар сияқты қарастырылады.
Енгізілген түзетулер өте маңызды, өйткені олар рөлдер мен міндеттердің нақты бөлінуін қамтамасыз етеді және банкроттық рәсімдеріндегі белгісіздікті жояды, сондай-ақ АХҚО-ның басқа заңдарына сәйкес келіп, олардың дәйекті қолданылуын қамтамасыз етеді және реттеудің тұтастығын сақтайды. Бұған қоса, өзгерістер банкроттық рәсімдерінің тиімділігін арттырып, процестерді оңтайландырады, ал бұдан барлық мүдделі тараптарға пайда келеді.
Түзетулердің негізгі бенефициарлары:
АХҚО қатысушылары: Енді ашығырақ реттеуші ортада жұмыс істейтін компаниялар мен көмекші қызметтер жеткізушілері.
Кредиторлар мен инвесторлар: Процестерді жетілдіру банкроттық рәсімдерінің нәтижелерінің барынша ашықтығы мен сенімділігін қамтамасыз етеді.
Тиісті түзетулер АХҚО Банкроттық туралы ережелері мен реттеуші базада жарияланды.
Анықтама үшін:
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 80-нен астам елден 3500-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45
[1] Тарату – бұл компанияның міндеттемелерін өтеу және оның активтерін мүдделі тараптар арасында бөлу арқылы қызметінің тоқтатылу процесі. Бұл ерікті де, мәжбүрлі тәртіпте де болуы мүмкін.
[2] Компания таратылған жағдайда оның активтеріне салым енгізуге міндетті жеке немесе заңды тұлға.