AFSA және Моңғолияның Қаржылық реттеу комиссиясы ынтымақтастық пен өзара қолдау туралы келісімге келді
АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) Моңғолияның қаржылық реттеу комиссиясымен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Құжаттың басты мақсаты — ақпарат алмасу және өзара қолдауға байланысты іс-әрекеттерде ынтымақтастықты күшейту. Ынтымақтастықты ресімдеу екі юрисдикция мен трансшекаралық мекемелердің қызметі арасындағы қаржы нарықтарындағы сенімді және қауіпсіз транзакцияларды ілгерілетуге бағытталған.
AFSA бас директоры Нұрхат Көшімов осындай өзара келісім берік байланысқа алып келетінін жеткізді: «Серіктестік қатынастарды кеңейту реттеуші органдар арасындағы жылдам, қауіпсіз әрі сапалы екі жақты іс-қимылды қамтамасыз етеді. Нәтижесінде екі орган арасындағы байланыс тұтынушылар үшін қызметтерді жақсартуға және мықты қаржы нарықтарын құруға сеп болады. Бүгін екі тараптан қол қойылған Меморандум терең ынтымақтастықтың негізін қалады».
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржы қызметтерін және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі болып табылады. АХҚО ережелері қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 78 елден 2200-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қолжетімді қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу немесе жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру, Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық әрі реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс үшін:
Қоғаммен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45