АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көмек көрсету және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті (АХҚО Комитеті) мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚР ҰБ) жәрдем көрсету және өзара ынтымақтастық туралы келісім жасасты.
Келісімнің мақсаты екі реттеуіштің өзара іс-қимылы, оның ішінде ақпарат алмасу және қадағалау жөніндегі функцияларды іске асыруға жәрдемдесу үшін негіздемелік жағдайлар жасау. Атап айтқанда, ол реттеушілердің алдына қойылған міндеттерді орындау үшін ақпарат алмасуға мүмкіндік береді және өзара мүддені білдіретін мәселелерді талқылау үшін тетіктер құруды көздейді.
Келісім қаржы қызметтері секторларының өсуін ынталандыру мақсатында түрлі салалардағы ынтымақтастықты орнату және кеңейту үшін стратегиялық тұғырнама болады.
АХҚО бағалы қағаздар нарығын, сақтандыру және банк қызметтерін, Ислам қаржыларын және FinTech дамыту бойынша мақсаттарды көздейді. Қазақстанның Ұлттық Банкімен тиімді ынтымақтастық АХҚО Комитеті үшін маңызды басымдық. ҚР Ұлттық Банкімен ынтымақтастық екі реттеушіге өз функцияларын тиімді орындауға мүмкіндік береді деп күтілуде.
Сұраулар:
АХҚО Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Орталық 2015 жылғы желтоқсан айында қабылданған «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға сәйкес қызмет етеді. АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. www.aifc.kz
AFSA АХҚО тәуелсіз реттеушісі, «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржылық қызметті және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылады. AFSA қаржы компаниялар мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредитациялау, және қадағалау секілді АХҚО қызметтерін реттейді. www.afsa.kz
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚРҰБ) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді. Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-кредиттік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді. Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға, қаржы жүйесінің тұрақтылығын және валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру болып табылады. https://nationalbank.kz