АХҚО AIX базасында көміртегі платформасын дамыту жоспарларын ұсынды

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Astana International Exchange (AIX) биржасының базасында өз Көміртегі платформасын дамытуды жоспарлап отыр, онда экологиялық қаржы құралдары классикалық құралдармен қатар саудаланатын болады. Бұл туралы АХҚО өкілдері 13 қарашада Бакуде өткен «Экологиялық құралдарды дамыту перспективалары» сессиясында хабарлады. 

Қаржы орталығы ұйымдастырған сессияда қатысушылар көміртегі кредиттері мен жаңартылатын энергия сертификаттарының ерікті нарықтарының халықаралық стандарттары мен тізілімдерін, сондай-ақ осы экологиялық құралдармен сауда жасауға болатын платформаларды таныстырды.  

«АХҚО AIX базасында көміртегі платформасын құрады, онда экологиялық құралдар қор нарығының классикалық құралдарымен қатар саудаланатын болады. Мұндай құралдар қазақстандық ғана емес, бүкіл аймақтың компанияларына парниктік газдар шығарындыларын азайту жобаларын іске асыру және өз өндірістері мен экологиялық есептілігін жақсарту үшін қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік береді», –  деді сессияның модераторы болған АХҚО Көміртегі платформасының директоры Әсел Нұрахметова.  

Ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінде AIX-тегі жауапты қаржыландыру өнімдерінің қатарына I-REC жаңартылатын энергия сертификаттары қосылғанын айта кету керек. Келесі кезеңде көміртегі кредиттері (carbon credits) саудасын дамыту жұмысы жоспарлануда. Экологиялық құралдармен сауда жасауға арналған платформа кеңеюге және Орталық Азия мен Кавказ өңірінің аймақтық хабына айналуға әлеуеті бар. 

Сондай-ақ сессияның спикерлері қатарында жаңартылатын энергия сертификаттарының жетекші халықаралық тізілімі – Evident-тің бизнесті дамыту жөніндегі директоры Трэвис Кэдди, көміртегі кредиттерінің жетекші халықаралық стандарты Verra-ның климаттық саясат және стратегия жөніндегі аға директоры Эндрю Говард, Түркияның ЖЭК сертификаттарына арналған сауда платформасының бас директоры Юнус Сонмез, Freedom Holding Corp. орнықты даму жөніндегі бас директоры Бағлана Мусина және «ҚазМұнайГаз» орнықты даму жөніндегі директоры Әлия Шалабекова болды.  

Анықтамалық ақпарат:   

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашып, жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы әрі дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz      

АХҚО баспасөз қызметі 

Айнұр Исабаева   

Баспасөз хатшысы   

Тел: +7 701 777 6558 

E-mail: [email protected]  

AIFC AI assistant