АХҚО бизнес-көшбасшылар мен инвесторларды біріктіруге арналған жаңа платформа – AIFC Business Club іске қосылды
АХҚО бастамасының жаңа форматы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін іздеудің, жергілікті және халықаралық деңгейде бірлескен табысты жобаларды іске асырудың қозғаушы күші болуға арналған.
Клуб AFD2024 аясында ұйымдастырылған, 60-тан аса бизнес өкілдері жиналған іскерлік таңғы ас барысында іске қосылды.
Іс-шара қонақтарын қарсы алып, ілтипат сөзін арнаған АХҚО Басқарушысы Ренат Бектұров: «Бұл бастаманың мақсаты қазақстандық және халықаралық деңгейде бизнес жүргізудің озық тәжірибелерімен алмасу алаңын құру болып табылады. Біздің бизнес-клуб АХҚО юрисдикциясында бизнесті дамытуға ықпал ететін шешімдерді әзірлеу платформасы болады. Мұнда компаниялардың өсуі мен дамуы үшін жаңа шешімдер іздеу мақсатында маңызды реформалар мен бастамалар талқыланады. Бұл бастама әр түрлі сектор өкілдері арасында біртұтас орта құруға негіз қалайтынына сенімдімін», – деп өз пікірін білдірді.
AIFC Business Club өз мүшелеріне тәжірибе алмасу және кәсіби өсу үшін нетворкинг пен бизнес мүмкіндіктер ұсынады. Клуб мүшелеріне іскерлік кездесулер, арнайы курстарды ұйымдастырылады. Сондай-ақ компания үшін стратегиялық маңызды шешімдер қабылдауға көмектесетін эксклюзивті аналитика мен есептер ұсынылады.
Клуб мүшелері бизнес және заң мәселелері жөніндегі сарапшылық консультациялар беріледі.
Бизнес-клуб аясында бизнесті дамытуда бірегей тәжірибесі бар алғашқы спикерлер: банк және қаржы салаларында 15 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар, DNA Payments Group-тың негізін қалаушы Ариф Бабаев, сондай-ақ кәсіпкер, «Додо Пицца» жылдам тамақтану мейрамханалар желісінің тең құрылтайшысы Андрей Петелин сөз сөйледі. Спикерлер сын-тегеуіріндерді жеңудің практикалық ұсыныстарымен және бизнестің ауқымын ұлғайту және өсіру стратегияларымен бөлісті.
АХҚО Басқарушысы Ренат Бектұров клубтың алғашқы мүшелеріне сертификаттарды табыс етті, олар: Тимур Турлов (Freedom Holding Corp директорлар кеңесінің төрағасы), Дәрмен Сәдуақасов (Dasco Consulting Group басқарушы серіктесі), Ариф Бабаев (DNA Payments Group негізін қалаушылардың бірі), Мұрат Көшенов (Halyk Bank CFO), Ержан Мусин (Fonte Capital CEO), Аслан Сұлтанов (WhiteHill Capital CEO), Мадина Момынқұлова (Flagman мектептерінің CEO), Нұркен Беркінбаев (Yildirim Holding Kazakhstan), Нұржан Марабаев (Semurg Invest СЕО) және Жанибек Байгабелов (CEO Kazakhmys Smelting).
AIFC Business Club-тың іске қосылуы Қазақстанда және одан тыс жерлерде іскерлік қоғамдастықтың дамуындағы жаңа кезеңді айшықтады. Клуб мүшелері өз компанияларының өсуі мен дамуы үшін бірегей мүмкіндіктерге ие болады, сондай-ақ неғұрлым ұйымшыл және инновациялық бизнес-ортаны құруға үлес қосады.
Анықтамалық ақпарат
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы әрі дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
АХҚО баспасөз қызметі
Айнұр Исабаева
Баспасөз-хатшысы
Тел: +7 701 777 65 58
E-mail: [email protected]