АХҚО мен CITIC ынтымақтастықты нығайтады

«АХҚО Әкімшілігі» АҚ Басқарма Төрағасы Ернұр Рысмағамбетов пен CITIC Construction компаниясы (ҚХР) атқарушы вице-президенті Ян Цзяньцян Қазақстанда ауыл шаруашылық кешені, көмір өңдеу және көмір химия саласындағы жобаларды іске асыруда ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылады.

Тараптар өзара түсіністік туралы келісімге қол қойды. Оған сай, АХҚО өз алаңы арқылы өңірлік және халықаралық деңгейде CITIC Construction компаниясы тарапынан Қазақстанға сенімді инвестиция салу үшін негізгі секторларды анықтауға көмектеседі.

Сонымен қатар АХҚО мақсатты инвестициялық жобалар мен CITIC арасындағы тиісті инвестициялық шешімдерді келісу, талқылау және жетілдіруге қолдау көрсетеді.

Бұдан бөлек бүгін онлайн форматта АЖҚО мен «China International Capital Corporation Ltd.» (CICC) компаниясы ұйымдастырған «BRInvest Day» өтті. Оған CICC бас директоры Бэрри Чан қатысты. Шараның басты мақсаты қытай компанияларымен байланысты кеңейту және нығайту, ҚХР-дан инвестиция көлемін ұлғайту, АХҚО қызметі мен артықшылықтарын таныстыру. Форумды аша отырып Е.Рысмағамбетов Қытай Халық Республикасының АХҚО-ның негізгі әріптестерінің бірі екенін, қаржы орталығы құрылған алғашқы күннен бастап қытайлық қаржы ұйымдардың белсенді атсалысып жатқанын айтты.

Форумда «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясындағы мүмкіндіктерге және әлеуетті жобаларды таныстыруға ерекше көңіл аударылды.

Шара барысында «КАZАКН INVEST» ҰК» АҚ мен АХҚО базасында құрылған Task Force бөлімшесінің мүшелері тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, энергетика, жасыл энергия, тасымал және білім беру салаларындағы қазақстандық жобаларды таныстырды.

Форумда BRI Data-мен ынтымақтастықта құрылған Қазақстандағы инвестициялық жобалардың онлайн платформасы таныстырылды. Платформа инвесторларға барлық жобаларды онлайн қарауға мүмкіндік береді. Бұл инвесторлардың қалауы мен олардың ақшалай мақсаттарын салыстыра отырып инвесторлар мен жобалардың арасындағы қашықтықты азайтады.

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО-ны Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады.

АХҚО миссиясы – өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу. Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа бола алады». aifc.zuweb.co

Task Force қызметінің негізгі мақсаты жобаларды дайындау мен құрылымдаудан инвестициялық жобаны іске асыруға дейінгі процестерде қолдау көрсету.