AIFC Business Connect Басқарма Төрағасы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының орынбасары және бұрынғы Ұлттық экономика вице-министрі (инвестициялық саясат бойынша) Жасұлан Мәдиев AIFC Business Connect Ltd Директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.

«Орталық Азияда Қазақстанның инвестиция тартуда мүмкіндігі мол. Бұл тұрғыда халықаралық қауымдастықты тартуда елдің әлеуетін арттыру мен дамытуда АХҚО-ның орны ерекше. Алайда әлем бойынша пандемияның тарауы салдарынан күн тәртібінде жаңа мәселелер пайда болды. Қазақстан Үкіметі ел экономикасына тұрақты инвестицияны сақтау мен ынталандыру алаңын ұсынуда АХҚО мен AIFC Business Connect-ті қолдай отырып тиісті инновациялық реформалар көмегімен жоғарыда аталған мәселелерді шешу үстінде», дейді Жасұлан Мәдиев өзінің тағайындалуы туралы пікір білдіре отырып.

AIFC Business Connect бас директоры Джеймс Мартин: «Мәдиев мырзаның тағайындалуына қуана отырып, алғашқы төрағамыз Нұрлан Құсайыновқа AIFC Business Connect-ті АХҚО-ның халықаралық инвестициялық серіктес ретінде қалыптастырғаны үшін алғыс айтамын. Жасұлан Мәдиевтің әлемдік қаржы нарығы туралы терең білімі мен жоғғары деңгейдегі стратегиялық көшбасшылық тәжірибесі AIFC Business Connect пен АХҚО-ға халықаралық инвестициялық қауымдастық пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қойған талаптарының үдесінен шығуға мүмкіндік береді».

Жасұлан Мәдиев «Астана» халықаралық қаржы орталығы бұрынғы Басқарма Төрағасы Нұрлан Құсайыновты алмастырды.

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында құрылды.

2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды.

Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген.

АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады».

АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары жабық циклді экономика, қаржы технологиясы мен «цифрлық қаржы орталықты» дамытуды қамтиды.

aifc.zuweb.co