АХҚО Соты және Халықаралық төрелік орталығы істердің санын атады
2019 жылдың ішінде АХҚО Соты мен Халықаралық төрелік орталығы (бұдан әрі – ХТО) бес істі қарады. Шетелдік қаржы орталықтарындағы ұқсас соттар мен арбитраждарға қарағанда, бұл екі орган қызметінің қазіргі кезеңіндегі айтарлықтай жетістік.
2019 жылдың басында АХҚО Соты өзінің алғашқы ісін қарастырды. Бұл іс АХҚО-да тіркелген қатысушы мен шетелдік компания арасындағы қызметтерге ақы төлемеу туралы дауға қатысты аз мөлшерде талап арызбен келісімшарттан туылған іс. АХҚО Соты аз уақыт ішінде қазақстандық атқарушы органдармен бірлесіп, сот орындауына қол жетімділігін қамтамасыз етті. Бұл дау АХҚО Сотының eJustice электрондық құжат алмасу жүйесі және жазбаша өтініші арқылы жүргізілді.
Сонымен қатар, ХТО-ға дауды арбитраж арқылы шешуге алғашқы талап арыз келді. 2019 жылы ХТО-да үш медиация процесі өтті. Барлық істерді АХҚО Соты мен ХТО қысқа мерзімде және де халықаралық стандарттарды қолдана отырып, сонымен қатар дау тараптары үшін ешқандай төлемсіз өткізді.
2019 жылы жүргізілген ақпараттық науқан нәтижесінде, сонымен қатар Қазақстан, Орта Азия және шетелдік адвокаттармен және кәсіпкерлермен кездесулер барысында, АХҚО Соты мен ХТО ескертулері 1300-ден астам келісімшартқа енгізілді. Осылайша, осы келісімшарттар бойынша дау туындаған жағдайда олар АХҚО сотында немесе ХТО-да қарастырылады. АХҚО Соты мен ХТО болашақта осындай коммерциялық дауларды шешуге толық дайын.
2019 жылы АХҚО Соты мен ХТО eJustice электрондық сот жүйесін іске қосты, бұл тараптарға сот ісін қозғауға және процестің барысын онлайн режимінде ақысыз сандық технологияларды пайдалана отырып бақылауға мүмкіндік береді. Биыл АХҚО Сотының және ХТО ғимаратының ашылу салтанатын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өткізді. Халықаралық деңгейдегі жаңа қызметтер іске қосылды: сот медиациясы және арбитраждық медиация («arb-med»). АХҚО Соты мен ХТО Қазақстан, Ұлыбритания және Азиядағы дауларды шешудің жетекші орталықтарымен, заңды және бизнес қауымдастықтарымен ынтымақтастық туралы 17 меморандумға қол қойды, бұл өз кезегінде екі институттың да халықаралық танылуына ықпал етеді.
Осы жылы АХҚО Соты мен ХТО білім беру бағдарламасы аясында 300-ден астам студенттер, заңгерлер және заң профессорлары ағылшын жалпы құқық бойынша арнай курстардан өтті. Бағдарлама АХҚО Соты мен ХТО-да клиенттердің мүдделерін қорғау үшін қажет болатын жалпы құқық жүйесінде дағдыларды үйрету мақсатында жүзеге асырылды. Бағдарламаның серіктестері: Кембридж университеті, Лондонның жетекші заңгерлері, Дауларды тиімді шешу орталығы (CEDR).
АХҚО Соты мен ХТО Регистраторы және Аппарат басшысы, Кристофер Кэмпбелл-Холт, былай деді:
«2019 жыл АХҚО Соты мен ХТО үшін өте жемісті жыл болды. Біздің үміттерімізді ақтап, істер бізге келді. Біз АХҚО Сотында бірінші іс бойынша жедел сот ісін жүргізуге қол жеткіздік. Сонымен қатар, істерді жүргізу үшін біз алдыңғы қатарлы цифрлық технологияны шығардық. АХҚО Соттының және ХТО қызметкерлеріне халықаралық стандарттарға сәйкес тренингтер өткізуімен қатар, оларды Лондонда және Сингапурда оқыттық. Біз қол қойылған 17 меморандум арқасында және де халықаралық серіктестік арқылы жаңа қызметтерді іске қостық және аймақтық және халықаралық танымалдылықты арттырдық. Біздің платформадағы дауларды шешу тез, үнемді және бейтарап. Біздің 2020 жылға үлкен жоспарларымыз бар, және біз бұдан да үлкен жетістіктерге жетуді көздейміз, және Орталық Азиядағы коммерциялық дауларды шешу саласындағы бірінші таңдау болуға ұмтыламыз.
Анықтама ретінде:
АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады.
АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. https://aifc.kz/kz
АХҚО соты (AIFC Court) тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Оның өзінің Англия қоғамдық құқығы жүйесінің процедуралары мен алдыңғы қатарлы халықаралық практикаға негізделген өздерінің процесуалдық нормалары мен қағидалары бар. АХҚО соты өзінің қызметінде ешкімге тәуелсіз және Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кірмейді. АХҚО соты бірінші шағымдану соты мен апелляциялық сотынан тұрады. Бірінші шағым соты шағым сомасы шамалы дауларға арналған сот ретінде белгілі арнайы бөлімшеден тұрады.
АХҚО соты АХҚО қызметі мен операциясынан туындайтын дауларды шешуді қамтамасыз етуге арналған айрықша юрисдикцияға ие, ол бойынша барлық тараптар АХҚО сотын пайдалану туралы жазбаша келісімге келді. Алайда АХҚО соты қылмыстық немесе әкімшілік сипаттағы кез келген дауға қатысты юрисдикцияға ие болмайды. АХҚО соты істерді қарастыруда барынша тиімді және алдыңғы қатарлы практиканы қолданады.
Халықаралық төрелік орталық АХҚО (AIFC International Arbitration Centre) тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Оның өзінде жетекші халықаралық практика негізінде құрастырылған меншікті өзінің процедуралық ережелері бар. ХТО мұнай-газ, сауда, құрылыс, энергетикалық, ислам қаржысы саласы, банк саласы мен авторлық құқықты қорғау саласы сияқты коммерциялық құқық салаларында төрелік пен медицация да жылдар бойына бірлесіп жинағын тәжірибелі, біліктілігі жоғары төрешілер мен медиаторлардан құралған өз алқасына ие. Халықаралық Төрелік орталық шешімдері Қазақстанда да, сонымен бірге әлемде де танылып орындалады.