АХҚО төрешілері Астанадағы Бірінші жыл сайынғы «Moot Court», ойын сот процесінің сынағын өткізді

Қазақстандық ойын соттық командаларының арасындағы ең күшті екі студенттік командалар: М.С. Нарықбаев атындағы КазГЮУ және КИМЭП Университетінің командалары қатысты.

Барлық процесс Астана халықаралық қаржы орталығының ресми тілі -ағылшын тілінде өтті. Жеңімпаз КИМЭП Университет арнайы “The AIFC Court & IAC Moot Final Winners Cup” кубокпен марапатталды, сонымен қатар ойын сынағының барлық қатысушылары АХҚО Сотта және Халықаралық арбитраж орталығында тәжірибе алуға мүмкіндік алды.

Moot Court — құқықтанушы студенттер арасында практикалық дағдыларды дамыту мақсатында сот процесі түрінде өткізілетін танымал құқықтық жарыс. Байқауға дайындалу барысында студенттер бұл мәселені талдайды, заңның белгілі бір саласын мұқият зерттейді, талапкердің немесе айыпталушының жазбаша құжаттарын дайындайды, сондай-ақ тәжірибелі төрешілердің алдында сөйлеу дағдыларын жақсартады.

АХҚО Сотының төрешілері — Сэр Робин Джейкоб, зияткерлік меншік құқық бойынша әлемдік сарапшы және Сэр Стивен Ричардс, монополияға қарсы заңнама саласындағы сарапшы, сондай-ақ Халықаралық Құқық Қауымдастығы Төрағасы, Ұлыбритания Жоғарғы Сотының Төрағасының бұрынғы орынбасары Лорд Манс жарыс кезінде төрешілердің рөлін атқарды. Сот ісін жүргізудегі олардың жалпы кәсіби тәжірибесі 90 жылдан асады.

АХҚО Сотының төрешісі — Сэр Робин Джейкоб:

«Мені студенттік командалардың дайындық деңгейі өте таңғалдырды. Олар салыстырмалы қысқа мерзім ішінде күрделі құқықтық мәселелерді зерттеді. Сонымен қатар, қатысушылар ағылшын тілін жақсы меңгергендігін көрсетті. Мен осындай талантты Қазақстандық жастардың ағылшын жалпы құқыққа деген шынайы қызығушылығының және болашақта АХҚО-ның сотында практиканың өтуін қалайтынына қуаныштымын.» деп мәлілдеді.

 

АХҚО Сотының және Халықаралық Арбитраж орталығынң тіркеушісі және бастығы, Кристофер Кэмпбелл-Холт:

«Moot – бұл біздің биылғы құқықтық білім беру бағдарламасының бір бөлігі ғана. 2018 жыл АХҚО соты және ХАО жұмысының бірінші жылы, біз тәжірибелік негізде құқықтық білім беру бағдарламасын бастадық, осы күнге дейін біз Кембридж университетінің, University College London және тиімді дауды шешу орталығының (CEDR) әлемдік дәрежедегі жалпы заңгерлік практиктер мен заңгерлердің қатысуымен үш қарқынды оқыту бағдарламасын ұйымдастырып өткіздік. «Moot Final» — АХҚО Сотының және ХАО-ның 2018 жылда білім беру бағдарламасының соңғы кезеңі. Біз 2019 жылы «Moot Court» құқықтық жарысының географиясын кеңейтуді және Қазақстан және Еуразия аймағының басқа да заң мектептерін шақыруды жоспарлап отырмыз ».

 

Бұл шараны АХҚО Сот және халықаралық арбитраж орталығы, Қазақстан Республикасының және Еуразия аймағындағы құқықтық тәрбиенің дамуын қолдау мақсатында жүргізеді.

 

 

Анықтама ретінде:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады.

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. https://aifc.kz/kz

АХҚО соты (AIFC Court) тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Оның өзінің Англия қоғамдық құқығы жүйесінің процедуралары мен алдыңғы қатарлы халықаралық практикаға негізделген өздерінің процесуалдық нормалары мен қағидалары бар. АХҚО соты өзінің қызметінде ешкімге тәуелсіз және Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кірмейді. АХҚО соты бірінші шағымдану соты мен апелляциялық сотынан тұрады. Бірінші шағым соты шағым сомасы шамалы дауларға арналған сот ретінде белгілі арнайы бөлімшеден тұрады.

АХҚО соты АХҚО қызметі мен операциясынан туындайтын дауларды шешуді қамтамасыз етуге арналған айрықша юрисдикцияға ие, ол бойынша барлық тараптар АХҚО сотын пайдалану туралы жазбаша келісімге келді. Алайда АХҚО соты қылмыстық немесе әкімшілік сипаттағы кез келген дауға қатысты юрисдикцияға ие болмайды. АХҚО соты істерді қарастыруда барынша тиімді және алдыңғы қатарлы практиканы қолданады.

Халықаралық төрелік орталық АХҚО (AIFC International Arbitration Centre) тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Оның өзінде жетекші халықаралық практика негізінде құрастырылған меншікті өзінің процедуралық ережелері бар. ХТО мұнай-газ, сауда, құрылыс, энергетикалық, ислам қаржысы саласы, банк саласы мен авторлық құқықты қорғау саласы сияқты коммерциялық құқық салаларында төрелік пен медицация да жылдар бойына бірлесіп жинағын тәжірибелі, біліктілігі жоғары төрешілер мен медиаторлардан құралған өз алқасына ие. Халықаралық Төрелік орталық шешімдері Қазақстанда да, сонымен бірге әлемде де танылып орындалады.

AIFC AI assistant