АХҚО Tech Hub, Plug and Play және GenerationS бірлесіп «CorpUp Kazakhstan 2021» зерттеуді дайындады
АХҚО Tech Hub, Plug and Play жаһандық инновациялық платформасы және GenerationS корпоративтік инновацияларды дамытудың ресейлік платформасы бірігіп Қазақстандағы корпоративтік инновациялық нарық туралы «CorpUp Kazakhstan 2021» алғашқы аналитикалық есебін дайындады. Зерттеудің корпоративтік серіктестері Beeline Қазақстан және BTS Digital болды.
Зерттеудің мақсаты – компанияларға қазақстандық нарықтың шынайылығын ескере отырып, инновациялық құралдарды енгізу бойынша практикалық нұсқаулар беру. Сонымен қатар, халықаралық және қазақстандық корпорациялардың озық тәжірибесімен нарықты таныстыру.
Зерттеуге ірі қазақстандық компаниялардың өкілдерімен және корпоративтік инновациялар бойынша сарапшылармен сұхбат, қазақстандық стартаптар мен IT-компаниялар арасында 70-тен астам респонденттің онлайн сауалнамасы, ашық дереккөздерден инновацияларды енгізу стратегияларын талдау негіз болды.
Зерттеу аясында үздік 10 инновациялық корпорациялардың рейтингі, сондай-ақ жергілікті стартаптар экожүйесін бағалауға сәйкес сыртқы инновациялармен жұмыс істеу үшін ең ашық және тартымды Қазақстандағы үздік 10 корпорацияның рейтингі жасалды. Бұл ретте сарапшылар мен шағын технологиялық топтардың өкілдері корпорациялар мен стартаптар бірлесіп, кездесетін қиындықтар мен кедергілер туралы өз ойларын ортаға салды.
Оқырмандардың назарына Beeline Kazakhstan, BTS Digital, BI Group, Halyk Bank, ChocoFamily, Alfa Bank Kazakhstan, Sberbank Kazakhstan, Metro Cash & Carry, PepsiCo, MTC, LENTA сияқты компаниялардағы корпоративтік инновацияларды енгізу және стартаптармен ынтымақтастық жағдайлары туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ оқырмандардың әлемдік тәжірибеге негізделген инновациялармен жүйелі жұмыс істеуге арналған кеңестер мен құралдармен танысуға мүмкіндігі бар.
«Қазақстанда дамыған корпоративтік сектор және компаниялардың технологиялық мәселелерін шешу үшін инновациялық шешімдерді, стандартты емес идеяларды, жылдамдықты, икемділікті және команданың жоғары мотивациясын ұсынуға дайын B2B стартаптарының өсіп келе жатқан нарығы бар. CorpUp Kazakhstan елімізде ашық инновациялар тәжірибесін дамыту үшін корпорациялар мен стартаптар арасындағы сындарлы диалогтың өзіндік дәстүрлі алаңына айналады деп үміттенеміз», – деп мәлімдеді АХҚО Tech Hub корпоративтік инновациялар бөлімінің басшысы Асель Абдрахманова.
«Пандемиядан кейінгі инновациялық белсенділіктің өркендеуі негізінен корпорациялардың инновацияларды пайдалана отырып, өз салаларында көшбасшы болуға ұмтылуымен ғана емес, сонымен қатар бар үрдістерді оңтайландыратын және жетілдіретін бірегей технологияларды алумен байланысты. Біз стартаптармен жұмыс істеу олардың бизнесінің ажырамас бөлігі болып табылатын корпоративтік серіктестеріміздің кейстерін ұсындық. Бұл тек технологияларды табу ғана емес, корпорациядағы ауқымды үрдістер – инновациялық стратегия, мәдениет, әрбір қызметкер қатысатын бүкіл экожүйе. Дәл осы құрамдас бөліктер нақты компанияның инновациялық жетілу деңгейін, демек, оның стартаптармен жұмыс істеуге дайындығын анықтайды», – деп атап өтті GenerationS директоры Екатерина Петрова.
«Beeline Қазақстан барлық қызметкерлер қатысатын цифрлық трансформациямен ерекшеленеді, яғни дәстүрлі «байланыс операторынан» көптеген цифрлық опцияларды ұсынатын технологиялық компанияға көшуді қарастырады. Біздің корпоративтік инновацияларды дамытуда айтатын сөзіміз және бөлісетін сырымыз бар. Біздің тәжірибеміз инновациялық даму жолына тез түскісі келетін компаниялар үшін пайдалы болады деп үміттенеміз», – деп мәлімдеді Beeline Қазақстанның Өзгерістер және ақпараттық технологиялар жөніндегі директоры Алексей Шаравар.
«Біздің компанияның мақсаты – адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгертетін цифрлық шешімдерді жасау. Осыған орай, BTS Digital-те біз өнімдер мен қызметтерді өзіміз дамытып қана қоймаймыз, сонымен қатар серіктестік желісін үнемі кеңейтіп, өзіміздің ашық инновациялық жүйемізді құруға ұмтыламыз. Біз өз тәжірибемізбен бөлісуге және Қазақстанда корпоративтік инновацияларды дамыту жөніндегі CorpUp Kazakhstan бастамасын қолдауға қуаныштымыз», – деп атап өтті BTS Digital бас директоры Нұртай Әбілғалиев.
2021 жылдың 25 қарашасында АХҚО Tech Hub серіктестерді, зерттеуге қатысушыларды және сарапшыларды шақыратын есептің ресми тұсаукесерін өткізеді.
«CorpUp Kazakhstan 2021» зерттеу туралы ақпаратпен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар: https://corpfintech.aifc.kz/corpup
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам” Ұлт жоспары аясында құрылды. 2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген.
АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады». https://aifc.kz/
АХҚО Tech Hub– бұл дүниежүзілік стартаптардың, кәсіпкерлердің, корпорациялардың, инвесторлардың, индустрияның жетекші сарапшылары мен мамандардың тоғысу орталығы. АХҚО-да технологиялардың дамуы стартаптарды қолдау бағдарламаларын, корпоративтік инновацияларды, венчурлық капитал нарығын, арнайы әзірленген ережелер мен технологиялар саласындағы өнімдер мен шешімдерді сынауға мүмкіндік беретін реттеушіні қамтиды. https://tech.aifc.kz/
Plug and Play — әлемдегі ең ірі ашық және кәсіпорын инновациялық платформасы. Plug and Play, сонымен қатар, ерте кезеңдегі ең белсенді инвесторлардың бірі болып табылады. Бүгінгі таңда Plug and Play әлемнің 36+ қаласында 60-тан астам бағдарламаны ұсынады. Plug and Play операциялық тиімділікті арттыруға, шығындарды азайтуға, жаңа өнім желілерін табуға және бизнесіңізді цифрландыруға көмектесетін ең жарқын стартаптары бар ірі корпорацияларға сәйкес келеді.
GenerationS – корпоративтік инновацияларды дамытуға арналған алаң; Ресей мен ТМД-дағы ірі корпоративтік акселератор. 2021 жылдан бастап RVC Management Company-мен бірге Ресейдің тікелей инвестициялық қорлар тобының мүшесі болып табылады. GenerationS корпорацияларды дамытудың кешенді бағдарламаларын жүзеге асырады: корпоративтік – ішкі кәсіпкерлікті дамытуға; акселераторлық – сыртқы жобаларды барлау және акселерациялау бойынша; халықаралық – халықаралық көшбасшылар корпорациялары негізінде қызметкерлерді инновацияларды құру мен жүргізу әдістеріне үйрету.
Beeline Қазақстан абоненттерінің саны бойынша көшбасшы болып табылады. Ол VEON компаниялар тобына (Нидерланды/Амстердам) кіреді – акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam-да сатылатын жаһандық телекоммуникация және интернет-провайдер. Стандартты қызметтер тізімінен басқа, Beeline цифрлық опциялардың үлкен санын ұсынады: мобильді қаржы, мультимедиялық қызметтер, конвергентті қызметтер, үлкен деректер өнімдері, несиелеу, Интернет заттары NB-IOT, Machine-to-Machine (M2M), Мобильді. Құрылғыны басқару (MDM) және E2E шешімдері.
BTS Digital – электронды коммерция, байланыс, финтех және жасанды интеллект саласындағы жаңа өнімдер мен қызметтердің экожүйесін жасайтын қазақстандық цифрлық компания. Цифрлық технологиялар баршамыздың өмірін жақсартады, жеңілдетеді және ыңғайлы етеді деп сенеміз. BTS Digital Aitu – Payment Solutions, BTS Education, Aitu-Dala, Aitu-Sauda, Smart Cities, Impact Lab және Salem әлеуметтік медиасын қамтитын Aitu экожүйесінің бөлігі болып табылады.