Біріккен Араб Әмірлігінің «Al Meer Investment Group» инвестициялық компаниясы Қазақстан экономикасына инвестиция тартуға ниетті
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен Біріккен Араб Әмірлігінің «Al Meer Investment Group» инвестициялық компаниясы Қазақстан экономикасына инвестиция тартуда ынтымақтастық туралы келісімге келді.
Келісім Қазақстанның инфрақұрылым, энергетика, агроөнеркәсіп, фармацевтика, білім беру мен қаржы салаларындағы жобаларды іске асыруға бағытталған.
Инвестициялық жобалар жаңа жұмыс орындарын ашып, екі ел арасында ұзақмерзімді тиімді даму стратегиясын қалыптастыруға жол ашады.
«Al Meer Trading and Investment» Бас директоры Ахмад Инаб: «Қазақстанның экономикалық климаты қолайлы. Қазіргі таңда қазақстандық жобаларға қаражат салу үшін тиімді уақыт. Бізден бөлек Парсы шығанағы елдерінен бірнеше компания Қазақстанмен белсенді жұмыс істеп келеді. Алда күтіп тұрған жұмысымызда ең үздік мамандарды тартып, заманауи технологияларды барынша пайдаланамыз».
«Al Meer Trading and Investment» компаниясының Қазақстандағы ресми өкілі Мәлік Құдасбаев: «АХҚО-мен келісімге келу – Қазақстанды бірлесе дамыту жолындағы қадам. Осы орайда, экономиканың әр салаларына инвестиция салынады. Инвестициялық жобаларды іске асыруда құзіретті министрліктер, мемлекеттік және жеке компаниялар біздің стратегиялық серіктестеріміз болады. Оларды ары қарай атқаратын жұмысымызды талқылауға шақырамыз».
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 қадам” Ұлт жоспары шеңберінде құрылды. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО басқару кеңесінің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымдауы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропаны қамтитын өңірдегі жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуды білдіреді.
АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақ мерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев атап өткендей, “АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде әрекет ете алады”. https://aifc.kz/