Орталық Азиядағы Америка Университеті, АХҚО Соты және Халықаралық төрелік орталығы Өзара түсіністік туралы келісімге қол қойды

Құжат ОААУ студенттерінің АХҚО Сотында және ХТО-да тағылымдамадан өтуіне мүмкіндік береді

Орталық Азиядағы Америка Университеті (бұдан әрі – ОААУ) бірінші тараптан және «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты (бұдан әрі – АХҚО Соты) мен Халықаралық төрелік орталығы (бұдан әрі – ХТО) екінші тараптан, Өзара түсіністік туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қол қойды. Келісім ұйымдардың арасындағы ытымақтастықты кеңейтеді және Бішкек қаласында ашылған Тыңдаулар залын пайдалану басталады.

Келісімге АХҚО Соты мен ХТО тіркеушісі және аппарат басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт және ОААУ «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі, доцент Элида Ногойбаева қол қойды. Келісім коммерциялық даулардың тараптарына Бішкектегі ОААУ базасында ашылған халықаралық үлгідегі Отырыстар залында өтетін тыңдауларға қатысу мүмкіндігін береді. Сонымен қатар студенттер үшін АХҚО Соты мен ХТО-да тағылымдамадан өтіп, әрі қарай АХҚО-ның резидент-компанияларында жұмысқа тұру мүмкіндігі туып отыр. Студенттер АХҚО Соты мен ХТО-ның білім беру бағдарламаларына қатысатын болады, сол сияқты жыл сайын наурыз және қазан айларында ұйымдастырылатын студенттердің халықаралық байқауларында жарысқа түседі.

Бішкекке сапар шеңберінде АХҚО Соты мен ХТО Қырғызстанның заңгерлік және іскери орта өкілдерімен кездесті, Еуразия аймағында коммерциялық дауларды шешу жөнінде презентация өткізілді, АХҚО Соты және ХТО ұсынатын қызметтер мен Қазақстанға инвестициялауды қалайтын қырғызстандық бизнес өкілдері үшін қосымша мүмкіндіктер таныстырылды.

АХҚО Соты мен ХТО тіркеушісі және аппарат басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт былай деп атап өтті:

«Біз Орталық Азиядағы Америка Университетімен ынтымақтатығымыздың одан әрі дамуына және осы серіктестіктің арқасында Бішкек қаласындағы қызметіміздің кеңейіп отырғанына қуаныштымыз. ОААУ Еуразиядағы жетекші университетттердің бірі болып табылады, біз оның студенттердінің АХҚО Соты мен ХТО-да тағылымдамадан өту бағдарламасына қатысуын асыға күтеміз. Бұл бағдарламадан осыған дейін басқа университеттердің 70-тен аса студенті өткен болатын. Сонымен қатар біз университеттің толығымен жабдықталған Тыңдаулар залында заңгерлік тыңдау өткізуге дайынбыз және оны өткізу мүмкіндігін күтудеміз. Астанадан тысқарыдағы компаниялар мен инвесторлар үшін біздің дауларды шешу бойынша қызметтерімізді кеңейту осылай жалғасуда».

 

 

Анықтама:

ОААУ – Орталық Азиядағы американдық гуманитарлық білім беру жүйесінде сабақ беретін алғашқы университет. Ол Quacquarelli Symonds (QS) рейтингі бойынша Орталық Азиядағы үздік он университеттің қатарына кіреді. Оқу бағдарламалары АҚШ-та Бард колледжімен серіктестікте аккредиттелген.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – 2018 жылы жұмыс істей бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде беку болып табылады. aifc.zuweb.co

АХҚО Соты тәуелсіз институт болып табылады. Ағылшын жалпы құқығының қағидаттары мен нормаларына және озық халықаралық іс-тәжірибеге негізделген өзіндік процессуалдық нормалары бар. АХҚО Соты өз қызметін тәуелсіз атқарады және Қазақстан Республикасының сот жүйесінің бір бөлігі болып табылмайды. Екі деңгейден тұрады: Бірінші инстанциядағы сот, оған ұзақ даулар соты ретінде белгілі мамандандырылған бөлімше және Апелляциялық сот кіреді. АХҚО шеңберінде жүзеге асырылатын қызметпен және операциялармен байланысты туындайтын дауларға қатысты және барлық тараптар АХҚО Сотына юрисдикция беруге жазбаша нысанда келісетін дауларға қатысты айрықша юрисдикцияға ие. Ол қылмыстық немесе әкімшілік сипаттағы қандай да бір дауларға қатысты юрисдикцияға ие емес. Істерді жүргізудің заманауи және тиімді әдістері қолданылады. https://court.aifc.kz/

Халықаралық төрелік орталығы (ХТО) тәуелсіз институт болып табылады. Үздік халықаралық іс-тәжірибе үлгісі бойынша әзірленген өзіндік процессуалдық нормалары бар. Орталықта төрелік және медиация жолымен коммерциялық дауларды, соның ішінде мұнай-газ, сауда, құрылыс, энергетика, қаржылық қызметтер, банк ісі, ислам қаржылары, сақтандыру және зияткерлік меншік салаларында шешу бойынша көпжылдық тәжірибеге ие жетекші халықаралық төрешілер мен медиаторлардың өзіндік тізілімі бар. ХТО-ның төрелік шешімдері Қазақстан Республикасының аумағында және халықаралық деңгейде мойындалады және орындауға жатады. https://iac.aifc.kz/