AFSA 2022 жылдың 1 мамырынан бастап қатысушылардың қызметін қадағалауға, кешіктірілген төлемдер және компаниялардың негізгі тұлғаларын өзгертуге қатысты жарналарды енгізді
AFSA 2022 жылдың 1 мамырынан бастап қатысушылардың қызметін қадағалауға, кешіктірілген төлемдер және компанияның негізгі тұлғаларын өзгертуге қатысты жарналарды енгізді. Бұл өзгерістер АХҚО жарналары туралы Ережелерде көрсетілген және олар АҚҚО қатысушы компанияларының өз қызметін реттестіріп алуы үшін берілген төрт жылдық жеңілдік кезеңінің аяқталуынан кейін енгізіліп отыр.
Тиісті консультациялық құжат AFSA вебсайтында жарияланып, қатысушылардан ұсыныстар алудың соңғы күні ретінде 2022 жылдың 29 сәуір күні көрсетілген.
Жарналар мынадай қатысушы компаниялардан алынады: қаржы қызметтерін ұсынатын компаниялардан, қаржы институттарынан, қосымша қызмет көрсететін компаниялардан және қаржы технологиялары саласындағы компаниялардан. Жарналардың өлшемімен АХҚО жарналары туралы Ережелерде (AIFC Fees Rules) мына сілтеме арқылы танысуға болады.
Жарналарды жинау барлық халықаралық қаржы орталықтарына тән тәжірибе, мәселен Дубай, Абу-Даби, Катар, Сингапур, Гонконг, Лондон қаржы орталықтары жарна алады.
Жарнаның өлшемін анықтарда AFSA өзге де қаржы орталықтарын зерттеп, алынатын жарналар туралы салыстырмалы талдауға сүйенді, бұл арада АХҚО-ның қаржылық тұрақтылығы мен өсімін арттыру да көзделіп отыр.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.
АХҚО-да 63 елден 1300-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады. Орталық Азия мемлекеттерінің АХҚО қатысушылары негізінен қаржылық қызметпен байланысты емес секторларда ұсынылған.
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi.
Байланыс ақпараты:
Дина Тельтаева
+7 701 765 40 10