АХҚО Қаржылық қызметтер реттеу жөніндегі комитеті мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Орталық банкі екіжақты ынтымақтастықты нығайту туралы меморандумға қол қойды

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу комитеті («АФСА») Біріккен Араб Әмірліктерінің Орталық банкімен («БАӘ ОБ») өзара түсіністік туралы меморандум («Меморандум») жасасты. Өзара түсіністік туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында Меморандумға Абу-Дабиде қол қойылды.

Тараптар, Меморандумға сәйкес, тәжірибе алмасу, өзара консультациялар жүргізу, екі юрисдикцияда қолданылатын заңдарды талқылау, олардың тиісті юрисдикцияларында трансшекаралық мекемелерге қатысты реттеу және қадағалау функцияларын орындау кезінде БАӘ ОБ мен АФСА арасында ақпарат алмасу саласындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесуге уағдаласты.  Өзара түсіністік туралы Меморандумға БАӘ Орталық банкінің басшысы, Мубарак Рашид аль-Мансури, АХҚО-ның басшысы Қайрат Келімбетов пен АФСА бас директорының міндетін атқарушы Мұхтар Бубеев қол қойды.

Бұл меморандум әлеуетті арттыру, семинарлар ұйымдастыру және сапарлар алмасу саласындағы ынтымақтастық үшін жағдай жасайды.

Мубарак Рашид аль-Мансури өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қоюды құптап: “БАӘ Орталық банкі АФСА-мен серіктестік қарым-қатынасты орнатуға қуанышты, бұл біздің пікірлес институттармен ынтымақтастық пен әріптестікті одан әрі нығайта түседі”.

Қайрат Келімбетов: “Мен БАӘ Орталық Банкі мен АФСА арасындағы ынтымақтастықты  орнатуды құптаймын, бұл ортақ мүддені білдіретін, бірқатар екіжақты мәселелер бойынша, соның ішінде қадағалау ақпаратымен алмасуды және ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етеді”, – деп атап өтті.

Мұхтар Бөбеев өз кезегінде: “Біз Біріккен Араб Әмірліктерінің Орталық Банкімен ынтымақтастық орнатуға қуаныштымыз. Бұл өзара тиімді ынтымақтастықты жүзеге асыруға және БАӘ мен АХҚО тиісті юрисдикциялары арасында трансшекаралық бизнесті жеңілдетуге мүмкіндік береді”,-деп мәлімдеді.

 

  

Анықтамалық ақпарат:

Біріккен Араб Әмірліктерінің орталық банкі 1980 жылғы 10 одақ туралы Заңға сәйкес құрылған БАӘ Банктік қадағалау және ақшанесие органы болып табылады. 2018 жылы орталық банкке және қаржы мекемелері мен қызметіне қатысты Федералдық 14 Заңымен жойылған және ауыстырылған.

www.centralbank.ae/en

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚОны құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсатыхалықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚОның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға ықпалдасу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету.

www.aifc.kz

АФСА АХҚО тәуелсіз реттеушісі, «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржылық қызметті және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылады. AFSA қаржы компаниялар мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредитациялау, және қадағалау секілді АХҚО қызметтерін реттейді.

www.afsa.kz

AIFC AI assistant