«Астана» халықаралық қаржы орталығы Climate Bonds Initiative конференциясына қатысуда

АХҚО делегациясы Лондонда басталған Climate Bonds Initiative (СВІ) конференциясына қатысуда. Конференция жасыл облигациялар нарығын дамытуға, жасыл жобалардың инвестициялық әлеуетіне, елдердің жасыл қаржыландыруды енгізу және табысты жобаларды масштабтау бойынша жұмсаған күштеріне арналған.

Конференцияда АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов пен СВІ Бас Директоры Шон Киднидің арасында екіжақты кездесу, сонымен қатар Green Bond Pioneer сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Бірнеше жеңімпаз АХҚО Басқарушысынан сыйлық алды. Қ. Келімбетов АХҚО қызметін жасыл жобаларды қаржыландыруға мүдделі инвесторларға таныстыруға берген мүмкіндік үшін конференция ұйымдастырушыларына алғыс білдірді.

«Қазақстанда біз өз әлеуетімізді арттырудамыз және тұрақты экономикалық және қаржылық өсудің қамтамасыз ету үшін жасыл қаржылар жүйесін  ілгерілетіп жатырмыз. Біз инвесторлардың мүдделілігін көріп отырғанымызға  қуаныштымыз және Орталық Азияда жасыл капитал нарығын дамытуды жеделдету үшін одан арғы қадамдар жасаудамыз», – деді АХҚО Басқарушысы.

АХҚО делегациясының өкілдері «Тұрақты дамудың қаржылық орталықтарының нарықтың өсуіне көмек көрсетуінің жолдары» атты дөңгелек үстелге қатысып, «Реттеушілермен жасыл қаржылардың өсуі» туралы айтып берді.

Осы жылдың ақпанында АХҚО-ның инвесторларға бағдарланған және аз көміртекті экономикаға ірі масштабты инвестицияларды ынталандыратын коммерциялық емес ұйым Climate Bonds Initiative-пен (CBI) мүшелік туралы келісімге қол қойғанын атап айтқан жөн.

Climate Bonds серіктестік бағдарламасына қосылу өңірді ұзақмерзімді, климатқа тұрақты және аз көміртекті инфрақұрылымдық жобалар үшін қажетті жасыл капитал ағымдарына тартымдырақ ету туралы АХҚО-ның мақсатына сай келеді. АХҚО Орталық Азия елдерінің ішінде СВІ-дың бірінші серіктесі болып табылады.


Анықтамалық ақпарат:

АХҚО туралы: «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. АХҚО-ны құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО-ның мақсаты – қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру. Міндеттеріне ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету жатады. www.aifc.kz

Climate Bonds Initiative туралы: Инвесторларға бағдарланған және климаттың өзгеруі мәселелерін шешу үшін облигациялар нарығын жұмылдыруға ғана жұмыс істейтін халықаралық коммерциялық емес ұйым. Қосымша ақпарат алу үшін www.climatebonds.net сайтын қараңыз.

Climate Bonds Partners бағдарламасы туралы: Банктер, институционалдық инвесторлар, жеке және үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) мен үкіметтер жасыл және климаттық облигациялар нарығын өсіруге жәрдемдесу үшін Climate Bonds Серіктесі ретінде қосылуға құқылы. Серіктестер климаттық қаржыландыру бойынша шешімдерге инвестицияларды арттыру жөніндегі бастамаларды әзірлеуге көмектеседі, нарықты дамыту бойынша түрлі комитеттерге қатысады және жасыл облигациялардың секторлық, елдік және субұлттық нарықтары үшін бағдарламалық жоспарларды анықтауға көмек көрсетеді.

AIFC AI assistant