«Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы және Әлемдік Экономикалық Форумның Төртінші Өндірістік Революция Орталығымен серіктестік келісімшартына қол қойды

«Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы (АХҚО) Әлемдік Экономикалық Форумның Төртінші Өндірістік Революция Орталығымен серіктестік келісімшартына қол қойды. 
Төртінші Өндірістік Революция Центрі ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалануды жеделдететін, саясат негіздерін әзірлеу және ынтымақтастықты дамыту мақсатында көптеген мүдделі тараптардың қатысуымен жаһандық ынтымақтастықтың орталығы болып табылады.
АХҚО бірінші кезең үшін жобаның келесі 3 басым бағытын анықтады:
1) Жасанды интеллект және машинамен оқыту; 
2) Блокчейн және таратылған тізілімдердің технологиясы;
3) Цифрлік сауда.
Орталықтың серіктесі болу дегеніміз, АХҚО жаңа технологияларды пайдалануға, құрылымды жасау үшін үкіметтермен, саясаткерлермен, реттеушілермен, өнеркәсіптік және ғылыми орталармен бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
Бұл АХҚО-ның Қазақстанның ғана емес, аймақтық экономиканың нәтижелеріне қол жеткізу және прототиптерді құру үшін  стартап ұжымдарымен инновациялық зертханалар, сандық топтар және жергілікті өнеркәсіптік серіктестермен ынтымақтастық арқылы негізделеді. 
  «АХҚО әлемдік экономикалық форумның Төртінші өнеркәсіптік революция орталығына елдің “Қазақстан 2050” стратегиясымен серпінді дамып келе жатқан экономикасы бар әлемдегі ең қауіпсіз, ең тұрақты, экологиялық тұрақты мемлекеттердің біріне айналуы үшін, Қазақстанның ұлттық амбицияларын қолдау үшін серіктес ретінде, сондай-ақ “Цифрлық Қазақстан” бастамасы шеңберінде цифрлық технологияларды дамытуда көшбасшылықпен қосылады», – деп АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов атап өтті.
“Астана халықаралық қаржы орталығы орталық желісіне бірегей перспективаны әкеледі. Біз жасанды интеллект, блокчейн және сандық сауда жобаларында олармен бірге жұмыс істеуді күтеміз,” – деп Әлемдік Экономикалық Форумның Төртінші Өнеркәсіптік Революция Орталығының басшысы Мұрат Сонмез айтты.
Тартылу дәрежесіне байланысты серіктестер бірқатар жобаларға жыл сайын қатыса алады және ұзақ уақыт бойы негізгі персоналды орталыққа қосуға құқылы. Орталықтың мүшесі болу Қытайда өткізілетін ғылым, технологиялар мен инновацияларға арналған жыл сайынғы жаңа чемпиондардың жиналысына, форум кеңесіне қатысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мүшелік форумның онлайн-платформаларын, TopLink және Transformation Maps-ты қолдануға мүмкіндік береді. Серіктестік ұйымдар орталықтағы кездесулер мен семинарларға қатыса алады.
АХҚО Төртінші Өнеркәсіптік Революцияны басқаруды белгілеуге көмектесу үшін ауқымды және амбициялы жаһандық компаниялар болып табылатын орталықтың серіктестеріне қосылады. Олардың қатарында: Accenture, Cognite, Deloitte, Deutsche Bank, Дубай Электр энергетикасы және сумен жабдықтау басқармасы, McKinsey & Company, Microsoft Corporation, Mitsubishi Chemical Holdings Corporation, SAP, Saudi Aramco, Splunk, Inc., Suntory Holdings Ltd., Takeda Pharmaceuticals, Visa Inc.

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО. АстанаХалықаралық Қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты-халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына
инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестицияларды өсіру үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz
www.aifc.kz
Төртінші өнеркәсіптік революция орталығы ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалануды жеделдететін саясат негіздерін әзірлеу және ынтымақтастықты дамыту мақсатында көптеген мүдделі тараптардың қатысуымен жаһандық ынтымақтастықтың орталығы болып табылады.  Жаңа технологиялардың артықшылығы да, тәуекелдері де сөзсіз. Пайда барынша көбейетін ал тәуекелдер төмендетілетін дәреже басқару хаттамаларының сапасына, яғни саясат, ережелер, стандарттар және технологияларды әзірлеуді қалыптастыру және енгізу үшін ынталандыруға тәуелді. Басқару инвесторлардың, компаниялардың, ғалымдардың және қалың жұртшылықтың сенімін нығайту үшін тұрақты, интероперабельді, болжамды және жеткілікті ашық, сондай-ақ технологиялардың жылдам дамуы жағдайында өзекті болып қалу үшін жеткілікті икемді болуы тиіс.

AIFC AI assistant