Digital Bridge форумында Қазақстанда 4.0 индустриясын іске асыру құралы ретінде Заттар интернеті мен интернеттің дамуы талқыланды
2022 жылғы 29 қыркүйекте АХҚО Tech Hub Digital Bridge (DB) халықаралық форумында «Заттар интернетінен (IoT) Қазақстанда 4.0 индустриясын іске асыру құралы ретінде барлығына Интернет» панельдік сессиясын табысты өткізді. Пікірталасқа IoT дамыту саласындағы халықаралық және отандық сарапшылар қатысты.
Кездесудің модераторы Siemens-тің Қазақстан Республикасындағы Бас директоры Асанов Диас болды. Панельдік сессияны аша отырып, ол заттар интернетінің, әсіресе энергетика саласындағы рөлі туралы ақпаратпен бөлісті, сондай-ақ Дүниежүзілік экономикалық форумның Төртінші өнеркәсіптік революция (ДЭФ 4ӨР) үлестес Орталығының қызметі туралы айтып, оны Қазақстандағы заттар интернетін дамыту тақырыбын талқылау алаңына айналдыруды ұсынды.
Джефф Меррит – IoT және Urban Transformation басшысы, ДЭФ атқарушы комитетінің мүшесі ДЭФ жұмыс істеп жатқан заттар интернеті саласындағы халықаралық тәжірибе мен бастамалар туралы, оның ішінде Қазақстан командасы – 4ӨР орталығымен бірлесіп айтты.
Сондай-ақ, пікірталасқа қатысушылар мобильді спутниктік технологияларды қолдана отырып, кең жолақты Интернет ұсынатын көшбасшылардың бірі OneWeb корпорациясының сандық өнімдері мен шешімдеріне назар аударды. OneWeb вице-президенті мобильді шешімдер бойынша интернет ұғымын не қамтитынын, заттар интернетінен айырмашылығы неде және OneWeb компаниясы оның дамуына қандай қатысатынын айтты.
«Транстелеком» АҚ Басқарма Төрағасының Стратегиялық даму және инновациялар жөніндегі орынбасары Ерлан Минавар Қазақстанда бар инфрақұрылым, заттар/барлығы интернетін дамытуға арналған желілер, сондай-ақ елдің мегаполистері мен өңірлері арасындағы ахуалдың қаншалықты ерекшеленетіні туралы айтып берді.
Қазақстанның цифрлық энергетика қауымдастығының төрағасы Бақытжан Ілияс еліміздің энергетикалық кәсіпорындарының цифрлық кемелдену жағдайлары, саланың цифрлық трансформациясы жөніндегі қауымдастықтың жоспарлары және Заттар интернеті технологиясын пайдалана отырып, энергетика саласындағы жобалардың ағымдағы іске асырылуы туралы ақпаратпен бөлісті.
Сессияның қорытынды бөлімінде Connected Home компаниясының Бас директоры Мұхтар Қуанышбайұлы сөз сөйледі, іс жүзінде заттар интернетін пайдаланатын нарықтың тікелей өкілі ретінде спикер IoT технологияларын енгізудегі қазіргі қиындықтар және кедергілерді ескеру жөніндегі шешімдер туралы айтты.
Анықтама:
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады. www.aifc.kz
АХҚО Tech Hub – Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) бөлімшесі, оның міндеті – Қазақстанда стартап экожүйесін, венчурлік индустрия нарығын, электронды коммерцияны, корпоративтік инновацияларды және жаңа технологиялық бағыттарды (FinTech, GovTech, SatelliteTech, Industry 4.0. және т.б.) дамытуға көмектесу. Халықаралық серіктестермен бірге Tech Hub нарық ойыншыларына қолдау көрсету бағдарламаларын жүргізеді, венчурлік мәмілелерді құрылымдауға және АХҚО юрисдикциясының реттеушісі аясында жаңа финтех шешімдерін сынауға жәрдемдеседі. www.tech.aifc.kz
Төртінші өнеркәсіптік революциясының Қазақстандағы Аффилденген орталығы Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) АХҚО және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесіп 2021 жылғы шілдеде іске қосты. АХҚО Tech Hub Қазақстандағы 4 өнеркәсіптік революцияның аффилиирленген орталығы 2021 жылғы шілдеде іске қосылды және 2021 жылғы қыркүйекте жұмыс істей бастады және ол айрықша мүмкіндіктер мен ресурстарды ұсынады.