Қазақстан Республикасының ақшаны жылыстатуға (АЖ) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (ТҚҚІ) туралы ережелеріне негізгі өзгерістер

Қазақстан Республикасының ақшаны жылыстатуға (АЖ) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (ТҚҚІ) туралы ережелеріне негізгі өзгерістер 2020 жылғы 14 қарашада күшіне енеді. Осыған байланысты АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті («AFSA») бизнесі АЖ және ТҚҚІ бөлігінде реттелетін АХҚО қатысушыларын келесі негізгі түзетулер туралы хабардар етеді.

2020 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасы Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 325-VІ Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалық актілеріне түзетулер олар алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін алты ай өткенде келесі ережелері жаңарып, күшіне енеді (шамамен 2020 жылғы 14 қараша).

Қызметі AFSA басшылығымен жүзеге асырылатын тиісті АХҚО Қатысушыларына қатысты «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (КЖ/ТҚҚІ туралы заң) негізгі түзетулерге сәйкес:

  • Реттелетін секторлардың салалары жаңа «қаржылық мониторинг субъектілері» санаты 3)-баптың 1-тармағында (19-тармақшасы) қосылып, кеңейтіледі. Бұл КЖ/ТҚҚІ туралы заңының белгілеген талаптары тиісті АХҚО Қатысушыларына қолданылатынын білдіреді. КЖ/ТҚҚІ туралы заңының мақсаттары үшін АХҚО Қатысушылары қызметтері түрлерінің тізімін Кірістерді жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларды әзірлеу жөніндегі топтың (ФАТФ) Ұсынымдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісім бойынша AFSA құрастырады және бекітеді.
  • AFSA АХҚО Қатысушылары үшін КЖ/ТҚҚІ мақсатына Ішкі бақылау қағидаларына қолданылатын Талаптарды (11-баптың 3-2 тармағы) қабылдауы керек. Бұл тармаққа түзетулер енгізілді, ал Талаптарға тиісті түзеулерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісім бойынша AFSA қабылдайтын болады.
  • AFSA Клиенттерді кешенді тексеруге Талаптарды АХҚО Қатысушылары клиенттермен сырттай іскери қарым-қатынас орнатқан жағдайларда қабылдауы керек (5-баптың 11-тармағы). Талаптарды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісім бойынша AFSA қабылдайтын болады

КЖ/ТҚҚІ туралы заңға өзге түзетулерге кіретіндер:

  • Жаңа преамбулада Адрестік қаржылық санкцияларды және Жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимылды қолдану (ФАТФ Ұсынымдарына сәйкес) кіретін кеңейтілген анықтама бар.
  • Қаржылық мониторинг субъектілеріне 4-баптың 3-тармағына түзетулерге сәйкес олардың КЖҚІ саясатына, қағидаларына және рәсімдеріне сай күдікті операцияларды анықтауға мүмкіндік ұсынады. Демек, КЖҚІ саясатында, қағидаларында және рәсімдерінде қаржылық мониторинг субъектілерінің күдікті қаржылық операцияларының белгілері белгіленіп, анықталуы керек.
  • 5-баптағы түзетулер Кеңейтілген кешенді тексеріс жағдайында клиенттің қызметінің сипаты мен қаражат көзі туралы қосымша ақпаратты алуға талаптарды белгілейді және Клиенттерді кешенді тексеру шаралары қолданылмайтын жаңа жағдайларды сипаттайды. Одан басқа, түзетулер қаржылық мониторинг субъектілері мен олардың клиенттері арасында сырттай іскери қарым-қатынас орнату процесіне қатысты жаңа тыйымдарды белгілейді және ФАТФ Ұсынымдарын орындамаған немесе жеткіліксіз көлемде орындаған елдердің тұлғаларына қатысты Кеңейтілген кешенді тексеру бойынша жаңа шараларды қарастырады.
  • 10-баптағы түзетулер қаржылық мониторинг субъектілерінің Қаржылық барлау қызметіне (ҚБҚ) ақпарат ұсыну бойынша рәсімдер мен талаптарды белгілейді.
  • 11-баптың 4 және 8 тармақтарына түзетулер КЖҚІ саласында іс жүргізуге, оқытуға және тренингтерге қатысты талаптарды белгілейді.
  • 11-1-баптың жаңа 3, 4, 5 және 6 тармақтары Ұлттық тәуекелді бағалауды өткізу және ҚБҚ мен құқық қорғау органдары және мемлекеттік қадағалау органдары арасындағы ынтымақтастық рәсімдерін сипаттайды.
  • Жаңа 12-1-бабы мен 12-бапқа түзетулер терроризмді қаржыландыру мен жаппай қырып-жою қаруын тарату үшін Адрестік қаржылық санкцияларға қатысты талаптарды белгілейді.
  • Жаңа 12-2-бап қайырымдылық қорлары мен діни ұйымдардың терроризмді қаржыландыруын болдырмау бойынша шараларды сипаттайды.
  • 13-баптың 1-1 және 2 тармақтарына түзетулер тапсырыс беруші терроризмді қаржыландырумен немесе жаппай қырып-жою қаруын таратумен байланысты тұлғалардың немесе ұйымдардың тізімінде болған жағдайда активтерді/операцияларды тоқтатып қоюға қатысты талаптарды белгілейді.
AIFC AI assistant