АХҚО-ға Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі заң шығару палатасының делегациясы келді

Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі заң шығару палатасының Төрағасы Нурдинжон Исмоилов бастаған палата  өкілдері «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) қызметімен танысты. 

Қонақтарға АХҚО органдары – АХҚО биржасы, Соты мен Төрелік орталығы (ХТО), Қаржы қызметтерін реттеу комитеті жұмыстары таныстырылды. 

Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі өкілдері Орталық юрисдикциясының артықшылықтарымен және жетістіктерімен танысып, АХҚО өнімдері туралы да хабардар болды. Соның ішінде тараптардың АХҚО Соты мен ХТО-ға әлемнің кез келген жерінен онлайн түрде шағым түсіруге мүмкіндік беретін e-Justice электронды сот жүйесі таныстырылды.

Айта кетерлігі, қазіргі таңда АХҚО-да Өзбекстаннан төрт компания тіркелген. Тараптар алдағы уақытта инвестициялық қатынастарды одан ары дамыту қажеттігін айтты.

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңесті Қазақстан Республикасы Президенті ҚасымЖомарт Тоқаев басқарады. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО басқару кеңесінің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымдауы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропаны қамтитын өңірдегі жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуды білдіреді. 

АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақ мерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев атап өткендей, “АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде әрекет ете алады”. https://aifc.kz/

AIFC AI assistant