ЕАЭО бірыңғай қаржы кеңістігі мәселелері бойынша сараптамалық мектебінің жабылуы өтті
«ЕАЭО қаржы кеңістігінің қалыптасуы мен интеграциялық үдерістеріндегі «Астана» халықаралық қаржы орталығының рөлі» сараптамалық мектебінің жабылуы өтті. Мектеп «Астана» халықаралық қаржы орталығымен (АХҚО) халықаралық істер бойынша Ресей кеңесінің (РСМД) қатысуымен ұйымдастырылды.
АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов қатысушыларға сертификаттарды табыс етті. Ол жас мамандарға әрі қарай кәсіби өсуді тілеп, Еуразиялық экономикалық одақ аясында интеграция үдерісіне АХҚО өз үлесін қосуға дайын екенін атап өтті.
РСМД бағдарламалық менеджері Екатерина Чимирис өзінің қорытынды сөзінде ең маңызды үдерістер мектепті аяқтағаннан кейін іске қосылатынын айтты. Себебі жоғары деңгейлі білімге байытылған қатысушылар өз саласының дамуына жаңа серпін бере алады.
Сараптамалық мектеп қаржылық қызметтердің еркін қозғалысы үшін ортақ қаржылық кеңістікті қалыптастыруға қабілетті ЕЭО мүше-мемлекеттердің білікті сарапшылары пулының әлеуетін арттыруға, сондай-ақ қаржылық қызметтердің спектрін және олардың одаққа қатысушы-елдердің тұрғындары үшін қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған.
Естеріңізге сала кетейік, сараптамалық мектебіне Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресейден 140-тан астам өтініш келіп түсті. Конкурстық іріктеу негізінде 20-дан астам сарапшы шақырту алып, оқудан өтті. Олардың ішінде әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінің магистрлері, халықаралық кәсіби сертификаттардың иегерлері, үздік ғылыми журналдардың жарияланымдарының авторлары, қаржы, білім беру, талдау саласындағы басқарушылар мен менеджерлер, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық интеграция тақырыбына қызығушылық танытқан зерттеушілер мен мемлекеттік қызметкерлер бар.
Оқытушылар мен спикерлер қатарында қаржы, экономика және халықаралық қатынастар саласындағы, ЕЭО аумағында қызметті жүзеге асыру саласында үлкен тәжірибесі мен білімі бар жетекші сарапшылар болды.
Бес жұмыс күнінің қорытындысы бойынша қатысушылар кураторлармен бірге ЕЭО кеңістігінде қаржылық интеграцияны дамыту бойынша форсайт жобасын әзірледі, сондай-ақ осы үдерісте АХҚО рөлін анықтады. Форсайттың соңғы келісілген жобасы нәтижесінде қатысушылар ЕЭО-ның алдағы 20 жылда қаржылық интерациясына әсер ететін негізгі трендтерді анықтады.
Сұраулар:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2015 жылы «бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында құрылды. Орталық өз қызметін «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V Конституциялық заңына сәйкес жүзеге асырады. АХҚО-ның мақсаты шикізат емес секторға баса назар аудара отырып, Қазақстанға шетелдік инвестициялардың ағынын ұлғайту, капиталдың ішкі нарығын дамыту, перспективалы қаржы салаларында жеке сараптама жасау болып табылады.
www.aifc.kz
АХҚО бюросы (BCPD Ltd.) кадрлық әлеуетті кеңейту және АХҚО эко-жүйесінде және ашық нарықта жұмыс істеу үшін жергілікті мамандардан халықаралық деңгейдегі кәсіби мамандар пулын қалыптастыру мақсатында үздіксіз кәсіби даму саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерді қолдана отырып, халықаралық кәсіби сертификаттауға даярлауға маманданған.
Astana International Campus (AIC), ЭКСПО аумағындағы АХҚО инфрақұрылымының бір бөлігі бола отырып, BCPD Ltd халықаралық және жергілікті серіктестері үшін кәсіби интерактивті мультимедиялық алаң болып табылады. Кампус қызметі үздіксіз кәсіби даму бастамаларын қолдауға, адами капиталды дамытуға, тақырыптық контентті қалыптастыруға және тиімді өзара іс-қимыл жасау үшін кәсіби алаңдарды ұйымдастыруға бағытталған.
Халықаралық істер жөніндегі Ресей кеңесі (РСМД) сыртқы саяси міндеттерді шешуде мемлекет, сарапшылар қоғамдастығы, бизнес және азаматтық қоғам арасындағы байланыстырушы буын. РСМД қызметі халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға, халықаралық қақтығыстардың алдын алуға және дағдарысты реттеуге бағытталған.