«GREEN FINANCE AWARDS 2021» сыйлығына өтінімдерді қабылдау басталды

АХҚО Жасыл қаржы орталығы (“AIFC Green Finance Centre Ltd.” ЖК) жыл сайынғы «Green Finance Awards» сыйлығына қатысуға шақырады!

«GREEN FINANCE AWARDS» сыйлығын тапсыру рәсімі бүкіл әлем бойынша жасыл экономикаға көшу және табиғи ресурстарға ұқыпты қарау идеясына назар аудартуға және оны жұртшылық арасында кеңінен насихаттауға бағытталған. 

«GREEN FINANCE AWARDS» сыйлығы тәжірибе мен үздік практикалармен алмасу, даму нұсқалары мен кедергілерді еңсеру жолдарын талқылау үшін бүкіл әлемнің жасыл қаржы мамандарының Орталық Азиядағы басты кездесу орны – «Green Growth Forum» форумының бір бөлігі болып саналады. 

Форумның www.ggf.kz веб-сайтындағы ақпаратқа сәйкес, ӨТІНІМДІ толтыру арқылы жеке тұлғаны, компанияны немесе қызметтер көрсетушіні оларға лайықты санат бойынша ұсына аласыз.  Әрбір ұсыным құжаттық дәлелдермен, сондай-ақ неге дәл осы үміткер жеңуі тиіс екендігі және оның нақты санатта қандай артықшылық танытқаны сенімді негіздемемен бекітіліп, тақырыптық зерттеулермен немесе тиісті кезеңдегі мәмілелердің негізгі сәттерімен сипатталуы керек.

Егер өтінім беру жөнінде қандай да бір сұрақтарыңыз болса, [email protected] пошта мекенжайы арқылы хабарлассаңыз болады.

Өтінімдер беру басталатын күн: 2021 жылғы 3 мамыр,

Өтінімдер тапсыру аяқталатын күн: 2021 жылғы 3 маусым

 

 

 

 

AIFC AI assistant