Freedom Finance Global PLC АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитетімен келісімге келді

“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті”(AFSA) Freedom Finance Global PLC (FFG) компаниясының 2022 жылы жасалынған қадағалау инспекциясы кезінде анықталған реттеушілік сәйкессіздіктерін жоятынына келіскенін хабарлайды.

FFG өз жүйесінде қажетті жүйе мен бақылаудың толықтай болмағанын және іс жүргізу кезінде АХҚО Актілерінде белгіленген негізгі принциптер мен көптеген ережелерді бұзғанын мойындайды. Мұнан соң өз іс жүргізуінің біраз бөлігінде сәйкессіздіктерге орын берілгендігін де мойындайды.

AFSA қорытындысы мен айыппұл төлемін төлеуді қабылдау арқылы, FFG AFSA-мен бірлесе жұмыс істеуді жалғастыру арқылы AFSA көрсеткен салалардағы олқылықтарды жылдам түзеп, және AFSA айқындаған өзге де мәселелерді тезірек жөнге келтіру бойынша жоспар түзуге келісті.

AFSA Бас директорының орынбасары Гарет Линг «AFSA лицензиясына ие барлық компаниялардың AFSA-ның ережелері мен принциптеріне сай, жоғарғы талаптарына сәйкес болуын күтеді. FFG оны мойындады және әрі қарай тиісінше іс атқаруға міндеттеме алды. Лицензияға ие компаниялардың барлығының олардан қажет етілетін талаптарды білетіндігі және оларды басынан бастап, әрі үнемі жүзеге асыруға қажетті механизмдерді қамтамасыз етуі маңызды», — деді.

Freedom Finance Global PLC Директорлар Кеңесінің Төрағасы Сергей Лукьянов «FFG AFSA көрсеткен олқылықтарды мойындайды және оларды уақытылы түрде шешуге міндеттеме алады. FFG, бұрынғыша, АХҚО-ға қолдау білдіруге және Қазақстан экономикасына, азаматтарына, АХҚО-ға экономикалық тиімділік әкелуге бейіл», -деді.

 

Анықтамалық ақпарат:

“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті”(AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.

АХҚО-да 70 елден 1700-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады.

www.afsa.kz

 

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi.

www.aifc.kz

 

Байланыс үшін:

 +7 7172 61-37-45; +7 7172 64-73-43. email: [email protected]

AIFC AI assistant