Гадхи: Қалалар жер бетінің 2% ғана қамтығанымен, олар жаһандық парниктік газдар шығарындыларының 75% құрайды

АХҚО Tech Hub шақыруы бойынша, Дүниежүзілік экономикалық форумның 4-ші өнеркәсіптік революциясының үлестес орталықтары желісі шеңберінде Quantela атқарушы төрағасы Шридхар Раджу Гадхи Almaty Investment Forum 2021 халықаралық инвестициялық онлайн-форумына қатысты.

Сөз сөйлеу барысында Шридхар Раджу Гадхи парниктік газдардың жаһандық шығарындыларының 75%-ы жер шарының тек 2%-ын алатын қалаларға тиесілі екенін айтты. «Егер біз қалаларымызды біршама тиімді етсек, онда біз жаһандық әсер етуге ықпалымыз бар», — деді Гадхи.

Шридхар Гадхидың айтуынша, бұл алты негізгі бағыт, оның ішінде, қоғамдық қауіпсіздік, қалдықтарды басқару, су ресурстарын басқару, жол қозғалысын басқару, жарықтандыру және тұрақ бойынша интернет заттарын (IoT) қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Гаджи дұрыс сандық инфрақұрылым арқылы қоғамның мүмкіндіктерін кеңейтетін бизнес-модельдерді енгізеді. Бұл қалаларға жоғары экономикалық және әлеуметтік нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Almaty Investment Forum 2021 – кәсіпкерлікті дамыту және қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру, Қазақстанның экономикалық бәсекеге қабілеттілік орталығы ретінде Алматы қаласын дамытудың басым бағыттары мен құралдарын, сондай-ақ агломерация, урбанизация, сандық трансформация және адами капиталдың интеграциясына қатысты мәселелерді талқылауға арналған негізгі инвестициялық форум.

Іс-шараның спикерлері ретінде Еуропалық Қайта Құру және Даму банкінің (ЕҚҚДБ) басшысы Озкан Хусейн, Mercer басшысы Слажин Паракатил, Қазақстандағы Халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК) басшысы Екатерина Бенджамин, Boston Consulting Group директоры Екатерина Шапочка және т.б. сөз сөйледі.

Ақылды қалалардың дамуы туралы толық ақпаратты мына сілтеме бойынша көре аласыз: https://aif21.kz/

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 қадам” Ұлт жоспары шеңберінде құрылды. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО басқару кеңесінің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымдауы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропаны қамтитын өңірдегі жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуды білдіреді.

АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақ мерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев атап өткендей, “АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде әрекет ете алады”. https://aifc.kz/   

АХҚО Tech Hub– бұл дүниежүзілік стартаптардың, кәсіпкерлердің, корпорациялардың, инвесторлардың, индустрияның жетекші сарапшылары мен мамандардың тоғысу орталығы. АХҚО-да технологиялардың дамуы стартаптарды қолдау бағдарламаларын, корпоративтік инновацияларды, венчурлық капитал нарығын, арнайы әзірленген ережелер мен технологиялар саласындағы өнімдер мен шешімдерді сынауға мүмкіндік беретін реттеушіні қамтиды. https://tech.aifc.kz/

Төртінші өнеркәсіптік революциясының Қазақстандағы Аффилденген орталығы Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) АХҚО және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесіп 2021 жылғы шілдеде іске қосты. ДЭФ әлемнің түкпір-түкпірінен 9 инновациялық салада бірлесіп жұмыс істеу үшін жаһандық компанияларды, үкіметтерді, стартаптарды, шағын және орта кәсіпорындарды, ғылыми орта мен халықаралық ұйымдарды біріктіретін Ғаламдық орталықтар желісін құрды. АХҚО Tech Hub Қазақстандағы 4 өнеркәсіптік революцияның аффилиирленген орталығы 2021 жылғы шілдеде іске қосылды және 2021 жылғы қыркүйекте жұмыс істей бастады және ол айрықша мүмкіндіктер мен ресурстарды ұсынады.

AIFC AI assistant