Қырғыз Республикасының қаржы секторын жасылдандыру бағыты

Қырғыз Республикасының инвестициялар Вице-Министрі Уланбек Асанов бастаған делегация сапарының барысында, АХҚО Жасыл қаржы орталығының бас директоры Айдар Қазыбаев және Қырғызстан Банктер одағының байқау кеңесінің төрағасы Аалы Уманкулов өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

{img}

Тараптар Банктер одағының, оның мүшелерінің және АХҚО органдарының инвестициялар мен қаржылық даму саласындағы өзара әрекеттестігі мен ынтымақтастығын кеңейту бойынша ортақ мақсат қойды.

Меморандум бойынша Банктер одағы мен АХҚО бағалы қағаздар мен венчурлық капитал нарығын, исламдық және жасыл қаржыландыру, оқыту бағдарламаларын дамыту бойынша жұмыс жасауға келісті.

Сонымен қатар, АХҚО Жасыл қаржы орталығы Банктер одағымен жасыл қаржыландыруды дамыту бойынша ақпарат алмасуды жалғастыратыны және Қырғызстанның ұлттық жасыл таксономиясын дамытуға қолдау көрсетуге және екінші деңгейлі банктердің жасыл инвестиция қағидаларына қосылуына көмектесуге дайын екендігі айтылды.

 

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам” Ұлт жоспары аясында құрылды.2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген.

АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары жабық циклді экономика, қаржы технологиясы мен «цифрлық қаржы орталықты» дамытуды қамтиды. www.aifc.kz

АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.

 

AIFC AI assistant