ЕО – Орталық Азия бірлескен жобалары АХҚО алаңы арқылы іске асырылуы мүмкін
2021 жылғы 5 қараша, Бішкек қ., Қырғыз Республикасы. АХҚО Жасыл қаржы орталығының Бас директоры А.К. Қазыбаев “Еуропалық Одақ пен Орталық Азия арасындағы Бизнес – әріптестік” тақырыбындағы бизнес-форумға қатысып, креативті және жасыл экономиканың жаңа болмысына арналған сессияда сөз сөйледі.
Атап айтқанда, Қазыбаев мырза форумға қатысушылармен бірлескен экологиялық бастамаларды қолдау үшін жасыл қаржыландыру құралдарын пайдалануға қатысты Орталықтың пайымымен бөлісті. Өз сөзінде ол қатысушыларға ЖҚО көрсететін қызметтер туралы, Қазақстан мен Қырғызстанның тұрақты дамуды қаржыландыру саласындағы даму үрдістері туралы айтып, Қазақстанның жасыл қаржыландыру жөніндегі нормативтік базаны қалыптастырудағы тәжірибесімен бөлісті.
{img}
Форумға қатысушылар АХҚО алаңында орнықты даму саласындағы қаржы құралдарының (орнықты дамуға байланысты облигациялар, SDG – және ESG-облигациялар) желісін кеңейту шеңберінде өткізілетін Орталықтың жұмысымен танысты. Бұл шара өзекті күн тәртібінің – Париж келісімінде көрсетілген парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша Қазақстанның өзіне алған міндеттемелері шеңберінде 2060 жылы көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің қисынды көрінісі болып табылады.
Сондай-ақ, ESG (Environmental, Social, Governance) есеп беру компаниялардағы тұрақты трансформацияның негізгі элементтерінің бірі деп аталады. Бүгінгі таңда басқарушылық тәжірибеде және ESG есептілігін енгізуде байқалған революция аясында әлемдегі қаржылық және қаржылық емес корпорациялардың қызметі қандай-да бір жолмен декарбонизация тенденциясын көрсететіні анық.
Сонымен қатар, Айдар Қазыбаев тұрақты даму бойынша Орталық Азияның аймақтық Климаттық хабын құру бойынша өз көзқарасын ұсынды. Бұл хабта Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы (ЖТИЖХО) шешуші рөл атқаруы тиіс, өйткені Орталық Азия елдері үшін жасыл технологиялар мен инвестициялар трансфері мәселелері көміртекті бейтараптыққа қол жеткізудің аса маңызды құралдары болып табылады.
{img}
Өз сөзін қорытындылай келе, Қазыбаев А.К. былай деді: “Өндіруші кәсіпорындарды экологияландыру үшін жобаларды қолдауды күшейтудің негізгі жолдары ең алдымен ESG-стандарттарды енгізу, тиімді көміртегі нарығы, ШОБ қолдау аясынан тыс жасыл жобаларды жеңілдікпен қаржыландыру шаралары, яғни ірі жобалар үшін және МЖӘ қорлары, тікелей және венчурлық капитал салымдары, IPO сияқты құралдар арқылы жасыл жобаларды қаржыландыру құралдарын кеңейту”.
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» Халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам” Ұлт жоспары аясында құрылды.2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген.
АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады». АХҚО–ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары жабық циклді экономика, қаржы технологиясы мен «цифрлық қаржы орталықты» дамытуды қамтиды. www.aifc.kz
АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді. www.gfc.aifc.kz