“Крипто-реттеудің болашағы: Академиялық орта мен индустрия сарапшыларының басын қосқан ой-талас” сессиясы өтті
“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті” (AFSA) Astana Finance Days — 2023 аясында «Крипто реттеудің болашағы: Академия мен индустрия сарапшыларымен арадағы пікірталас» панельдік сессиясын ұйымдастырды.
Криптовалюта нарығының капиталдандыруы қазір 1,17 триллион АҚШ долларын құрайды. Кейбір елдер криптовалюталарды төлем құралы ретінде мойындаса, басқалары қарқынды дамып келе жатқан криптовалюта бизнесін реттеу үшін заңдар әзірлеуде.
Криптовалюта биржаларының күйреуінен кейін цифрлық активтерді жақсырақ реттеу талаптары артты. Еуропалық Одақ пен басқа елдер аймақтық ережелерді дайындағанымен, жаһандық саясаткерлер бұл салада реттеушілік вакуум тудырғаны үшін сынға ұшырады.
Академия мен сала өкілдері тенденциялар мен қиындықтарды талқылап, саланың жалпы көрінісін көрсететін пікірлерімен бөлісіп, болашаққа көз жүгіртуге тырысты.
Сессияға Queen Mary Лондон университетінің Банк және қаржылық құқық бойынша профессоры Роза Мария Ластра, Кембриджегі баламалы қаржы орталығы цифрлық активтерді реттеу бойынша Жетекшісі Заин Умер, Сингапур қаржы реттеушісінің қаржы технологиялары директоры Сопненду Моханти, Bitfinex Securities операциялық директоры Джесси Кнутсон, Binance криптобиржасының Қаржыны жымқыруға қарсы және есеп беру бойынша ғаламдық директоры Амжад Какиш, Bybit криптобиржасының Бас директоры және негізін қалаушыларының бірі Бен Чжоу, BigONE криптобиржасының бизнесті дамыту бойынша вице-президенті Афина Миао, Халықаралық қаржы ұйымдары Ғаламдық альянсының Басқарушы директоры Йохен Бидерманн қатысты.
«Біз криптоактивтер бойынша әмбебап нормативтік құқықтық базаның қабылдануының куәгеріміз. Бұл инвесторлар мен Уолл-стриттен алыста, Азия, Африка, Таяу Шығыста болып жатыр. Дубай мен Гонконгта жаңа крипторежим бойынша орталық бар, олар қаржылық активтер бойынша негізгі орталыққа айналып жатыр. Біз дамушы елдердің алға жылжығанын көріп отырмыз. Біз ол елдердің крипто бойынша әділетті режим құрып, ол бойынша инновациялар артып, тәуекел азаятынына сенгіміз келеді», — деді Кембриджегі баламалы қаржы орталығы цифрлық активтерді реттеу бойынша Жетекшісі Заин Умер.
«Еуропа одағында қабылданған MiCA немесе крипто активтерді реттеу құжаты криптосалаға деген сенімді арттыруға көмектеседі деп ойлаймын, өйткені, бұл сала, әсіресе, 2022 жылы крипто салада орын алған шудан соң әрі соңғы кездері болып жатқан оқиғалардан соң сенімге зәру. Еуропалық Одаққа кіретін 27 қатысушы ел үшін бұл жақсы құжат және ол ғаламдық талаптың рөлін атқаруы да ғажап емес», — деді Queen Mary Лондон университетінің банк және қаржылық құқық бойынша профессоры Роза Мария Ластра.
«Ең алдымен клиент бірінші орында тұруы тиіс. Әрбір криптобиржа осы жөнінде — оның клиенті кім, оның қандай дағдысы бар деп дұрыстап ойлануы тиіс. Криптокомпаниялар, олардың негізін қалаушылар, қожайындары нарықтағы жұмысына назар аударуы қажет. Өздерінің жоғарғытехнологиялық нормативті талапты ұстана алады ма, жоқ па, соны түйсінуі тиіс. Егер дұрыстап ұстанса, осы салады жұмыс істесін, ал егер сай келмесе, онда оларға бұл салада орын жоқ, себебі бұл өте жауапты сала. Бұл салымшылардың ақшасы, оған жүре-барды қарауға болмайды», -деді Сингапур қаржы реттеушісінің қаржы технологиялары директоры Сопненду Моханти.