Әлемнің ең үздік он стартап-командасы АХҚО іске қосқан Fintech Stars халықаралық акселерациялық бағдарламасына қатысады

Әлемнің ең үздік он стартап-командасы АХҚО Seedstars және MOST бизнес-инкубаторымен бірлесе іске қосқан Fintech Stars халықаралық акселерациялық бағдарламасына қатысады. 

«АХҚО әкімшілігі» АҚ цифрлық технологиялар жөніндегі директоры Әсел Жиенбаеваның айтуы бойынша, акселерациялық бағдарлама инновациялық шешімдерді жинақтауды және әлемдік финтех компаниялардың өзара әрекеттесуіне арналған платформа жасауды көздейді.   

«Стартап жобалармен жұмыс істеуде зор тәжірибеге ие SeedStars секілді әлемдегі үздік компаниямен бірлесе Қазақстанда акселерациялық бағдарламаны іске қосу, бізге қаржы технологияларының экожүйесін дамыту бойынша белгіленген мақсаттарға қол жеткізуге көмектеседі», – деді Ә. Жиенбаева.

Бағдарлама 10 стартап-жобаға қаржыландыруды алу мүмкіндігін береді, сондай-ақ кәсіпкерлер өз саласының ең үздік сарапшыларымен бірлесіп өз жобаларымен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады, оларды бизнес-үдерістерді қалай дұрыс жүзеге асыру керектігін және бәсекелік нарықта қалай жұмыс істеу керектігін үйретеді. Бұл бағдарламаның білім беру бөлігі тиімді әрі сәтті стартаптарды дамытудың басты кілті болып саналады.

Seedstars компаниясының өкілі Игорь Овчаренко бағдарлама аяқталғаннан кейін стартаптар, олардың табысты болуы, жедел дамуы мен өсуіне байланысты Seedstars Investor Club-тан, MOST бизнес-жебеушілер қауымдастығы мен серіктестерден 350 мың АҚШ доллары мөлшерінде инвестицияларға ие бола алатындығын атап өтті. 

«Біз өзіміздің Орталық және Шығыс Еуропадағы алғашқы акселерациялық бағдарламаның дәл Қазақстанда іске қосылуына өте қуаныштымыз, өйткені осы жерде АХҚО базасында құқықтық өріс және стартаптарға мемлекет тарапынан қолдаудың болуы тұрғысынан бірегей инфрақұрылым құрылуда. Біз өзіміздің халықаралық тәжірибеміз бен байланыстар желісін пайдалана отырып, акселерациядан өтетін финтех стартаптардың жылдам дамуына серпін береміз», –  деді И.Овчаренко.

Әлім Хамитов, MOST бизнес-инкубаторының бас директоры:

«Бүгінгі таңда MOST кәсіби менторлық сараптаманың негізін қалады, қаржы бағыты бойынша бірлесіп әрекет ету үшін әлемнің әр түкпірінен және Қазақстаннан әртүрлі салалардың үздік мамандарының басын қосты және осы адамдарды FintechStars жобасына жұмылдырды. Акселерациялық бағдарламасында біз стартаптарға жергілікті сараптама мен менторларды ұсынамыз; оларды оқыту процесіне қатыстырып, нетворкинг құрамыз, стартаптарды қазақстандық нарықтағы клиенттермен және серіктестерімен таныстырамыз».

Қазақстаннан, Орталық Азия, Таяу Шығыс, Кавказ, Еуразиялық Экономикалық Одақ, Еуропа, Қытай, Моңғолия елдерінен бір жарым ай бойы өтінімдер қабылданады. Қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар үздік 10 команданы іріктейді, олар 20 мың АҚШ доллары мөлшерінде қолдау инвестицияларын алады. Келесі 3 айда кешенді оқытып-үйрету мен жобаларды дамыту шаралары қолға алынады, мұнда жобаларды дамытуға халықаралық менторлар қатысып, көмектесетін болады. «Күннің демосы» соңғы кезеңнің қорытындысы бойынша стартап-жобалар қосымша қаржыландыру алу және жергілікті, халықаралық нарықтарға шығу мүмкіндігіне ие болады. Бағдарлама 23 сәуірде іске қосылады және 4 шілдеде аяқталады. 

Бағдарламаға қатысу үшін өтінімдер қабылдау наурыздың 1-нен басталады. www.fintechstars.kz сайтында онлайн тіркелуге болады.

Сұраулар:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады.

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.

Seedstars – технологиялар мен кәсіпкерлік арқылы дамып жатқан нарықтардағы адамдардың өмірлеріне ықпал етуді көздеген швейцариялық топ. Seedstars мүдделі тараптарды байланыстарады, мемлекеттік және жеке серіктестермен бірлесіп жаңадан компаниялар құрады және экожүйелердегі өнімділігі аса жоғары стартаптарға инвестициялар құяды. Іздеп, барлаудан бастап компанияларды құру мен жұмысын жеделдету бағдармаларына дейін аралықты қамтитын қызметінің алуандығының арқасында команда бүкіл әлем бойынша қарқынды дамып келе жатқан 65 экономиканың ішінен кәсіпкерлердің, инвесторлардың, инкубаторлардың, корпорациялар мен үкіметтік шенеуніктердің ең қуатты желісін құрды. Seedstars тобының құрамына Seedstars World стартаптардың бүкіл әлемдік байқауы; Seedstars Growth виртуальды үдеудің үш айлық бағдарламасы; Seedspace, коворкинг желі мен 35+ елде бірге тұру және тұрақты бизнесті қалай жасауға болатындығы туралы өз ісін енді бастаған жергілікті кәсіпкерлерге арналған алты айлық қарқынды даярлайтын Seedstars Academy кіреді. Seedstars-тің кейбір негізгі серіктестері – Enel (Energy), HEG Friborg & Trecc (Education), BBVA (Finance), Tag Heuer (Fempreneurship and Innovation) и Merck KGaA (Health).

Seedstars Growth – бұл нақты салалардағы (World Seedstars World және Seedspace желісі арқылы алынған) жетекші кәсіпкерлерді әлемдік білім мен талап ету бойынша тәлімгерлікке ие болу арқылы олардың өсуін ынталандыру және жұмысын қолдау мен жеделдетудің үш айлық бағдарламасы. 

MOST бизнес-инкубаторы – бизнесті жасау мен дамытуға арналған алаң. Компанияның миссиясы: әлемдік қауымдастықты гүлдендіретін озық кәсіпкерлердің жаңа буынын жасап шығару. Компания жұмыс тәсілінің ерекшелігі 3 негізгі құрауыштың өзара үйлесе білуінде, олар: жас кәсіпкерлерге консультациялар беру және оларды оқытып-үйрету; қаржыландыру мен тәлімгерлікке қолжетімділікті ұсыну.

AIFC AI assistant