«Астана» халықаралық қаржы орталығы 2021 жылды қорытындылайды
АХҚО өркендеп келеді. АХҚО-да қазір әлемнің 60 елнен 1155 компания бар.
АХҚО қаржы секторындағы компаниялардың өзінің активтері 2,5 есе өсіп 1 млрд долларға жетті.
АХҚО Мемлекет басшысының өзін өзі ақтау деңгейіне шығу туралы тапсырмасын орындап жатыр. 2021 жылы Орталық қатысушылары 7 млрд теңге салық төледі. Бұл былтырғыдан 32% көп. Ал бюджеттік өтінімі 2021 жылы 11,8 млрд теңгеден 2022 жылы 9,9 млрд теңгеге азайды.
АХҚО – короновирус пандемиясы кезінде Қазақстан экономикасына инвестиция тартудың бірден-бір құралы. АХҚО құрылғаннан бері орталық алаңы арқылы 6 млрд доллар инвестиция тартылды. Соның ішінде 4,3 млрд доллар тікелей инвестиция болса, 1,7 млрд доллар портфельді инвестиция.
AIX биржасы арқылы тартылған үлескерлік капитал көлемі 321 млн доллар, қарыз капиталы 1,4 млрд доллар.
AIX биржасындағы сауда көлемі 298,5 млн долларды құрады. 2020 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 5 есе көп.
Қазақстанмен байланысты компаниялардың нарықтық капитализациясы бойынша AIX Qazaq Index (AIXQI) ашылды.
АХҚО коммерциялық және азаматтық дауларды шешуге арналған беделді және тиімді алаң ретінде танылды. Шешілген даулардың жалпы саны 898, соның ішінде 20 іс АХҚО Соты арқылы, 878 іс Халықаралық Төрелік Орталық арқылы шешілді.
АХҚО активтерді басқару бойынша әлемдік ірі компанияларды тартады. 24 инвестициялық компания мен 6 инвестициялық қор тіркелді. Басқарудағы активтердің (AUM) жалпы құны 736 млн доллар, консультациядағы активтер (AUA) көлемі 1,26 млрд доллар.
АХҚО бөлшек инвестициялауды дамытуға айтарлықтай үлес қосып жатыр. Tabys қосымшасы арқылы биржалық ноталарға салынған инвестиция көлемі 2,5 млн долларға жетті. Қосымшада 15 мыңнан астам есепшот тіркелген.
АХҚО Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарымен жемісті әрекет етіп жатыр. Мысалы, Қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитет, ҚР Ұлттық банкі және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бірлесіп дайындаған АХҚО-да валюталық реттеу және ақпарат алмасу ережелерінің қабылдануын атауға болады.
Инвесторлармен жұмыс сапасын арттыру үшін «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мен АХҚО қызметкерлерінен Task Force арнайы орган құрылды. Оның міндеті – инвестициялық жобалармен жұмыс істеу, құрылымдаудан бастап жобаны іске асырғанға дейін қажетті көмек көрсету.
АХҚО – ESG жобаларды іске асыруда ел ішіндегі және өңірдегі көшбасшылардың бірі. Тұрақты қаржыландыру құралдарының нарығы 200 млн доллардан асты.
AIX биржасында шығарылған «жасыл» және әлеуметтік облигациялар көлемі 38,4 млрд теңге болды. АХҚО «Жасыл» қаржы орталығы арқылы тартылған инвестиция көлемі 67,9 млрд теңгені құрады.
2021 жылдың қыркүйек айында алғашқы «жасыл» несие мақұлданды (Halyk Bank).
Үш жылдық әлеуметтік облигациялар листингі өтті (ЕАБР).
АХҚО – стартаптар мен жаңа технологияларды дамытудың өңірлік орталығы. 2021 жылы АХҚО Fintech Hub ДЭФ Төртінші өндірістік революцияның аффилирленген орталығының белсенді араласуымен АХҚО Tech Hub болып өзгерді.
2021 жыл басынан бері АХҚО алаңында осы сала бойынша қол қойылған инвестициялық келісімшарттар көлемі 4,5 млн доллардан асты. Венчурлік инвестиция көлемі 7,5 млн доллардан асады.
Venture Rocket Eurasia атты краудфандинг платформасы ашылды. Қазіргі таңда Okoo (Қазақстан) мен BILLZ (Өзбекстан) стартаптары онда фандрайзинг кампанияларын жасап жатыр.
Сонымен қатар АХҚО қатысушысы Namba Group (Қырғызстан) MOST Ventures Fund жеке венчурлік қоры көмегімен 1 млн доллар инвестиция тартты.
Mastercard және Интернет бастамаларды дамыту қоры (Россия) бірлесіп екінші деңгейлі банктерге арналған қаржы технологиясы акселераторын ашты. Оның алғашқы қатысушылары Еуразиялық банк, Altyn Bank және Freedom Finance Bank.
АХҚО Қазақстанда жұмыс істеп, өмір сүретін шетелдіктерге де қызмет көрсетеді. 2021 жылы АХҚО Экспат орталығы шетелдік сарапшылар мен инвесторларға 15 000 қызмет көрсетті. Экспаттар үшін жеке менеджер қызметі ашылды.
АХҚО – толыққанды цифрлық қаржы орталығы. Жақсы таныс eJustice және e-Residence өнімдеріне өзіне өзі қызмет көрсету порталы (Self Service Portal) қосылды. Ол арқылы онлайн кеңес алуға, қашықтан мемлекеттік органдарға жазылуға және қызмет алуға, АХҚО экожүйесінің барлық қызметтерін ұсынатын AFINA қосымшасын пайдалануға және AIFC Law App білім беру қосымшасын пайдалануға болады.
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 қадам” Ұлт жоспары шеңберінде құрылды. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО басқару кеңесінің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымдауы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропаны қамтитын өңірдегі жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуды білдіреді.
АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақ мерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев атап өткендей, “АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде әрекет ете алады”. https://aifc.kz/