АХҚО Соты мен ХТО 2100-ден аса істі қарады және орындады
АХҚО Сотының және Халықаралық төрелік орталықтың (ХТО) қызметі өскелең қарқынмен дамуы жалғасып келеді. Олардың қызметтерін пайдаланушылардың пікірінше, қазіргі уақытта олар халықаралық коммерциялық дауларды тәуелсіз және бейтарап түрде шешетін институттар арасында Еуразияда бірінші орында тұр, сонымен бірге құқық үстемдігінің ең жоғары халықаралық стандарттары қолданылады.
2023 жылғы 7 маусымға қарай АХҚО Соты мен ХТО 2174 істі, соның ішінде АХҚО Сотының 64 шешімін, 415 төрелік шешімді және медиация туралы 1695 келісімді қарады және орындады. 2023 жылы істер көлемі көбейді: 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 533 іс аяқталды және орындалды, бұл 2018 жылғы 1 қаңтарда жұмыс басталған сәттен бергі қаралған істердің жалпы санының 24,5% -ын құрайды.
Істердің жалпы санының 97,7%-ында тараптар өз қызметтерін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырғанын және «келісім» негізінде АХҚО Сотына және ХТО-ға жүгініп, Қазақстан Республикасының заңнамасын 97,5% жағдайда, АХҚО заңнамасын 2,3% жағдайда, сондай-ақ басқа да юрисдикциялардың заңнамасын, соның ішінде ағылшын құқығын қолданғанын ерекше атап өткен жөн. Әртүрлі коммерциялық мәселелер қарастырылды, олар шарттар (әдетте, төлем жасамау және басқа да шарттық міндеттемелерді орындамау) (43,8%), құрылыс (15,8%), жұмысқа орналастыру (15%), корпоративтік мәселелер (10,5%), көлік (6%), жылжымайтын мүлік (4%), логистика (3%) және МЖӘ (2%) сияқты салаларды қамтыды.
Істер бойынша мәлімделген ең жоғары сома 330 миллион АҚШ долларын құрады. Істердің көп бөлігі бірнеше миллион АҚШ долларына қатысты кінәрат-талаптарды қамтыды. 48% жағдайда Қазақстанда бизнесі бар шетелдік инвестор туралы сөз болды және іс бойынша тараптар 23 мемлекеттің, соның ішінде Еуразия елдерінің көпшілігінің және Қытай, БАӘ және Үндістан сияқты Қазақстанның басқа да негізгі сауда әріптестерінің өкілдері болды.
ХТО төрелік соты тағайындаған төрешілердің 75%-ы әйелдер болды. АХҚО Cоты мен ХТО қызметкерлерінің 80%-ы да әйелдер болды, бұл «АХҚО Cоты мен ХТО-ның гендерлік әртүрлілігін қамтамасыз ету бастамасы» қолдау тауып отырғанын көрсетеді.
6 континенттегі 30 елден (32 юрисдикция) 500 заңгер АХҚО Cотында тараптардың мүдделерін сотта қорғау құқығымен тіркелген.
АХҚО Соты мен ХТО-ның маңыздылығын, сондай-ақ инвесторларға олардың заңды құқықтарын Қазақстанға инвестициялау туралы шешім қабылдау кезінде қорғау үшін беретін кепілдіктерін инвесторлардың мойындауы арта түсуде.
2023 жылғы 7 маусымда өткен «Astana Finance Days 2023» конференциясы барысында АХҚО Соты мен ХТО өз пайдаланушыларымен өзара ықпалдасуды кеңейтуге, сондай-ақ коммерциялық дауларды реттеу және инвестициялар тарту орталығы ретінде Қазақстанның тартымдылығын үздіксіз арттыруға өз үлесін молайтуға бағытталған үш жаңа бастаманы іске қосты:
- Еуразияда АХҚО Соты мен ХТО-ның қызметін кеңейту бастамасы: Еуразияның 8 елінде: Армения, Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан және Өзбекстанда жаңа кеңселер ашу. Олар халықаралық стандарттарға сай келетін Астана мен Алматыда (Қазақстан) жұмыс істеп жатқан кеңселерді толықтырады. Қазақстанда іскерлік қызметін жүзеге асыратын инвесторлар коммерциялық дауларды шешу үшін АХҚО Соты мен ХТО қызметтерін алуға осындай кеңселерге жүгіне алады.
- IAC Chambers: IACA, төрелік орталықтардың жаһандық альянсымен бірлесіп, АХҚО Соты мен ХТО базасында «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша бірегей алаң құру. Дауларды реттеу үшін тыңдаулар өткізуге арналған ең жақсы құралдары, сондай-ақ тыңдаулар өткізуге және көмекші қызметтер көрсетуге арналған цифрлық шешімдердің толық жиынтығы бар интеграцияланған кешен құрылды. Еуразияда бірегей болып табылатын IAC Chambers физикалық, гибридті немесе виртуалды құралдар арқылы бірнеше юрисдикцияларда күрделі көпжақты тыңдауларды 24/7 режимінде бүкіл әлем бойынша қолдау мүмкіндіктеріне ие.
- АХҚО Соты мен ХТО-ның оқу орталығы: Қазақстан Республикасының азаматтары үшін әлемдік деңгейдегі дауларды шешу бойынша тренингтер өткізу. Тренингтерді Ұлыбритания, АҚШ және Германияның, жетекші университеттердің, соның ішінде Кембридж университетінің, Калифорния университетінің, Лос-Анджелестің және халықаралық дауларды шешу институттары мен қауымдастықтарының нұсқаушылары жүргізеді. Заңгерлер, төрешілер, медиаторлар мен судьялар үшін ағылшын тілі, дауларды шешу бойынша оқу курстары өткізіледі. Халықаралық тағылымдама бағдарламасы бар, одан 100-ден аса қазақстандық заңгер-студент өтті. ХТО жыл сайын наурыз айында Орталық Азия үшін әлемдегі басты Vis (Вена) Pre Moot конкурсын өткізеді, ал АХҚО Соты жыл сайын қазан айында АХҚО Сотының бас судьялары мен екі судьясының қатысуымен жалпы құқықтың коммерциялық дауын реттеу бойынша өз конкурсын өткізеді. 3000-нан аса қазақстандық заңгер студент, мемлекеттік қызметші, судья мен кәсіпкер АХҚО Сотында және ХТО-да оқудан өтті.
Александр Коробейников, «Baker McKenzie» заң фирмасының серіктесі және АХҚО Соты мен ХТО пайдаланушылар комитетінің мүшесі былай деп түсініктеме берді:
«АХҚО Соты мен ХТО-ның істерді қарау статистикасы мен түсіндіру жұмыстары қызметтің осындай әлі де ерте кезеңінде таң қаларлықтай. Біздің клиенттеріміздің іскерлік келісімшарттар жасасу кезінде Еуразиядағы халықаралық дауларды шешудің жетекші институттары ретінде АХҚО Соты мен ХТО-ға сенім білдіруі көбейіп келеді. Істердің 97,7%-ында тараптар АХҚО Соты мен ХТО-ның юрисдикциясын «өзара келісім» («opt—in») негізінде пайдаланғанын және Қазақстан Республикасының аумағында және жалпы Еуразия аймағында қызметін жүзеге асырғанын ерекше атап өткен жөн. Біздің клиенттеріміз және инвестициялық қоғамдастық АХҚО Соты мен ХТО-ның Қазақстан үшін Еуразияның инвестициялық орталығы ретіндегі маңызын түсінеді. Инвесторлар АХҚО Соты мен ХТО тәуелсіздікке, бейтараптыққа және заң үстемдігінің ең үздік халықаралық стандарттарын қолдануға кепілдік бере отырып, инвесторлардың заңды құқықтарын қорғайтынына сенімді бола алады (және де олардың түсінуі мен сенім артуы арта түсуде). Мұндай кепілдіктер Қазақстанға келетін болашақ инвесторлар үшін жақсы белгі болып табылады».
Кристофер Кэмпбелл-Холт, АХҚО Соты және ХТО тіркеушісі және аппарат басшысы былай деп түсініктеме берді:
«Біз инвесторлардың АХҚО Сотына және ХТО-ға коммерциялық дауларды жедел және экономикалық тиімді шешуге мүмкіндік беретін сенімді институттар ретінде сенуі артып келе жатқанына қуаныштымыз. Олар біз әрқашан заң үстемдігінің ең жоғары халықаралық стандарттарын ұстанатынымызға сенімді бола алады. Сот істерінің көлемі айтарлықтай артып келе жатқандықтан, біз инвесторлар арасында, соның ішінде белгілі әлемдік корпорациялар арасында халықаралық стандарттарды сақтай отырып, коммерциялық дауларды тәуелсіз және бейтарап шешу үшін жүгінуге болатын Еуразиядағы орын ретінде беделге ие болудамыз».
Анықтама:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – 2018 жылы жұмыс істей бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде беку болып табылады. aifc.zuweb.co
АХҚО Соты тәуелсіз институт болып табылады. Ағылшын жалпы құқығының қағидаттары мен нормаларына және озық халықаралық іс-тәжірибеге негізделген өзіндік процессуалдық нормалары бар. АХҚО Соты өз қызметін тәуелсіз атқарады және Қазақстан Республикасының сот жүйесінің бір бөлігі болып табылмайды. Екі деңгейден тұрады: Бірінші инстанциядағы сот, оған ұзақ даулар соты ретінде белгілі мамандандырылған бөлімше және Апелляциялық сот кіреді. АХҚО шеңберінде жүзеге асырылатын қызметпен және операциялармен байланысты туындайтын дауларға қатысты және барлық тараптар АХҚО Сотына юрисдикция беруге жазбаша нысанда келісетін дауларға қатысты айрықша юрисдикцияға ие. Ол қылмыстық немесе әкімшілік сипаттағы қандай да бір дауларға қатысты юрисдикцияға ие емес. Істерді жүргізудің заманауи және тиімді әдістері қолданылады. https://court.aifc.kz/
Халықаралық төрелік орталығы (ХТО) тәуелсіз институт болып табылады. Үздік халықаралық іс-тәжірибе үлгісі бойынша әзірленген өзіндік процессуалдық нормалары бар. Орталықта төрелік және медиация жолымен коммерциялық дауларды, соның ішінде мұнай-газ, сауда, құрылыс, энергетика, қаржылық қызметтер, банк ісі, ислам қаржылары, сақтандыру және зияткерлік меншік салаларында шешу бойынша көпжылдық тәжірибеге ие жетекші халықаралық төрешілер мен медиаторлардың өзіндік тізілімі бар. ХТО-ның төрелік шешімдері Қазақстан Республикасының аумағында және халықаралық деңгейде мойындалады және орындауға жатады. https://iac.aifc.kz/
БАҚ өкілдері үшін: Әсел Тұрманова, Коммуникациялар бөлімінің директоры, АХҚО Соты және ХТО,
тел.: +7 (7172) 64 72 51, email: [email protected]