АХҚО Сотына жаңа төрешілер тағайындалды
Лорд Манс Ұлыбритания Жоғарғы Сотының Президентінің орынбасары болды. Қазіргі уақытта ол Халықаралық құқық қауымдастығының төрағасы, Лордтар палатасының этика комитетінің төрағасы және сот этикасы тобының мүшесі. Коммерциялық құқық, халықаралық жария және жеке құқық саласында, сонымен қатар Еуропалық Одақ құқығында көп жылдық тәжірибесі бар. Ол өзін-өзі жұмыспен қамтыған ағылшын адвокаттарының жауапкершілігін сақтандыру қорының негізін қалаушы және директоры, сонымен қатар Лондондағы түрлі банктік апелляциялық сот трибуналдарының төрағасы. Сондай-ақ, ол арбитраж саласында үлкен тәжірибеге ие. Оксфорд университетін бітірген.
Алан Маклин QC – Blackstone барристерлер палатасында тәжірибелі корольдік адвокат. Ол Оксфорд университетін саясат, философия және экономика екі мамандық бойынша бірінші дәрежелі дипломмен бітірді. Ол Джон Кеннеди атындағы стипендия арқылы Гарвард университетінің де түлегі. Ол 1993 жылы Англия мен Уэльстің адвокаттар алқасына қабылданды, 2009 жылы корольдік заңгер атағын алды. Ол коммерциялық сот және арбитраж, жария құқық, бәсекелестік құқығы, халықаралық жеке құқық және еуропалық құқық саласында кең тәжірибеге ие.
Чарльз Баннер Лондондағы және Бирмингемдегі Landmark барристерлер палатасында адвокат жұмысын атқаруда. Ол Англия мен Уэльсте (2004 жылы адвокаттар алқасына қабылданған) және Солтүстік Ирландияда (2010 жылы адвокаттар алқасына мүшелікке қабылданған), сонымен қатар халықаралық деңгейде жұмыс істейді. Ол король заңгері атағын 2019 жылы алды. Ол, негізінен, даму және инфрақұрылым саласындағы (атап айтқанда, энергетика, көлік, тұрғын үй және туризм) мемлекеттік және жеке құқық саласында кең тәжірибеге ие, сонымен қатар мемлекеттік реттеу мен коммерциялық дауларды шешудің көптеген аспектілерін қамтитын тәжірибесі бар. Chambers & Partners UK Bar және Legal 500 UK Bar пікіріне сәйкес, 8 тәжірибе бойынша жетекші адвокат ретінде ұсынылды және заңтану саласында көптеген марапаттарға ие болды. Оксфорд университетін бітірген.
Анықтама ретінде:
АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады.
АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. https://aifc.kz/kz
АХҚО соты (AIFC Court) тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Оның өзінің Англия қоғамдық құқығы жүйесінің процедуралары мен алдыңғы қатарлы халықаралық практикаға негізделген өздерінің процесуалдық нормалары мен қағидалары бар. АХҚО соты өзінің қызметінде ешкімге тәуелсіз және Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кірмейді. АХҚО соты бірінші шағымдану соты мен апелляциялық сотынан тұрады. Бірінші шағым соты шағым сомасы шамалы дауларға арналған сот ретінде белгілі арнайы бөлімшеден тұрады.
АХҚО соты АХҚО қызметі мен операциясынан туындайтын дауларды шешуді қамтамасыз етуге арналған айрықша юрисдикцияға ие, ол бойынша барлық тараптар АХҚО сотын пайдалану туралы жазбаша келісімге келді. Алайда АХҚО соты қылмыстық немесе әкімшілік сипаттағы кез келген дауға қатысты юрисдикцияға ие болмайды. АХҚО соты істерді қарастыруда барынша тиімді және алдыңғы қатарлы практиканы қолданады.
Халықаралық төрелік орталық АХҚО (AIFC International Arbitration Centre) тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Оның өзінде жетекші халықаралық практика негізінде құрастырылған меншікті өзінің процедуралық ережелері бар. ХТО мұнай-газ, сауда, құрылыс, энергетикалық, ислам қаржысы саласы, банк саласы мен авторлық құқықты қорғау саласы сияқты коммерциялық құқық салаларында төрелік пен медицация да жылдар бойына бірлесіп жинағын тәжірибелі, біліктілігі жоғары төрешілер мен медиаторлардан құралған өз алқасына ие. Халықаралық Төрелік орталық шешімдері Қазақстанда да, сонымен бірге әлемде де танылып орындалады.